Петропавлда көлікті мас күйде жүргізген шенеунік жұмыстан шығарылды

1762 просмотров
0
Ратель
Среда, 10 Фев 2021, 15:20

Тайынша ауданы әкімінің орынбасары және жолаушылар көлігі басшысының орынбасарының ісі Әдеп жөніндегі кеңесте қаралып

Петропавл қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы көлікті мас күйде жүргізгені үшін жұмысынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік қызметшілердің арасында рульге мас күйде отыру фактілері кездеседі. Былтыр осындай екі жағдай тіркелген.

Читайте также
Асқар Мамин: Салық заңнамасына енгізілетін түзетулерді 1 наурызға дейін әзірлеу қажет

Тайынша ауданы әкімінің орынбасары және жолаушылар көлігі басшысының орынбасарының ісі Әдеп жөніндегі кеңесте қаралып, оларды жұмыстан шығаруға ұсыныс жасалды. Биыл Петропавл қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының ісі кеңестің талқысына түсті.

"Мұндай қылықтар мемлекеттік қызметшіге жат болуы қажет. Шектеулерді сақтамайтындар мемлекеттік қызметтен кетеді. Мұндай істерді қарағанда кеңес мүшелері заңды негізге алады. Сол себепті бұл лауазымды тұлғалар жұмыстарынан шығарылды", - дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Жанат Жұмабаев.

Жалпы былтыр СҚО-да Әдеп жөніндегі кеңес 55 істі қараған. Оның 39-ы профилактикалық сипатта болса, қалғанында шенеуніктердің тәртібі талқыға түскен. Соның 9-ында мемлекеттік қызметшілер әдеп талабын бұзған, 7-еуінде мемлекеттік қызметшінің атына кір келтіретін іс жасаған. Оның екеуі бойынша тәртіптік іс тоқтатылса, қалғанына тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

"Көпшілігі заң нормаларын білмеуге, формализмге салынуға және мемлекеттік қызметшіге жат қылыққа байланысты. Мысалы былтыр хаттамалық бұйрыққа жүрдім-бардым қараған Аққайың ауданы әкімдігінің 3 қызметкерінің жауапкершілігі талқыға түсті. Ал осы ауданның әкімі Астраханка елді мекенінің тұрғындарымен кездесу барысында теріс қылыққа жол берген", - дейді Жанат Жұмабаев.

Фото: inbusiness.kz.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай