Павлодардың айналасында блок бекеттер қойылады

1608 просмотров
0
Ратель
Четверг, 05 Ноя 2020, 09:45

Ералы Тоғжанов қазан айының қорытындысы бойынша өңірде СOVID-19 жұқтырғандардың саны үш есе өскенін атап өтті

9 қарашадан бастап Павлодар облысында шектеу шаралары қабылданады, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.

COVID-19-дың таралуына жол бермеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі медицина нысандарының коронавирустың болуы мүмкін келесі толқынына дайындығын тексерді Sputnik деп хабарлайды.

Читайте также
Қазақстанның тағы бір облысында блок бекеттер қойылады

Сондай-ақ вице-премьер өңірдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша кеңес өткізді, жергілікті мемлекеттік органдар мен полиция департаменті басшылығының қабылданып жатқан шаралар туралы есебін тыңдады.

Премьер-министрдің орынбасары ауылдық жерлерде ПТР зертханасының жоқтығын ескере отырып, бұл қызмет түрінің облыс тұрғындарына қолжетімді болуын тез арада шешуді тапсырды.

Ералы Тоғжанов қазан айының қорытындысы бойынша өңірде тіркелген СOVID-19 фактілерінің үш есеге өскенін атап өтті.

Ведомствоаралық комиссияның төрағасы өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін облыс әкімдігіне 2020 жылдың 9 қарашасынан бастап бірқатар шектеу шараларын қабылдауды тапсырды:

  • Павлодар қаласының периметрі бойынша блок бекеттер орнатылады;
  • күн сайынғы өсім 10-нан астам жағдайда елді мекендерде санитарлық блок бекеттер орнатылады;
  • мына бағыттар бойынша әуе қатынасы қысқартылады: Павлодар-Алматы аптасына 10 рейстен 5 рейске дейін; Павлодар-Нұр-Сұлтан 3 рейстен 1 рейске дейін; Павлодар-Шымкент аптасына 2 рейстен 1 рейске дейін;
  • Павлодар-Алматы бағыты бойынша теміржол тасымалдары  аптасына 7 реттен 3 ретке дейін қысқартылады;
  • жолаушылар теміржол құрамаларының облыс ішінде аялдауына (облыс әкімдігі белгілеген жерлерді қоспағанда) тыйым салынады;
  • діни объектілердің, театрлардың, кинотеатрлардың, мәдениет объектілерінің қызметі уақытша тоқтатылады;
  • қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы сағат 20:00-ге дейін шектеледі;
  • офлайн режимде кеңестер өткізуге тыйым салынады;
  • қызметкерлердің кемінде 80%-і қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіріледі;
  • 65 жастан асқан адамдарға азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті тауарларды, дәрі-дәрмектерді және медициналық бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен шықпауға кеңес беріледі.
Читайте также
Мамандар күн суытуы коронавирусқа қалай әсер ететінін айтты

Демалыс және мереке күндері:

  • қоғамдық көліктің (трамвайлар, автобустар, маршруттық таксилер) жұмысы тоқтатылады;
  • жабық және ашық азық-түліктік емес және азық-түлік базарларының жұмысы тоқтатылады;
  • моншалардың, сауналардың жұмысы тоқтатылады;
  • қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы тек тапсырыс берушіге жеткізу форматына көшіріледі.

Соңғы мәлімет бойынша, Павлодар облысында 4 382 адам   коронавирус жұқтырған, соңғы тәулікте 41 науқас анықталды.

Фото: Sputnik / Тимур Батырши.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай