
Сайлау алды қарекеттер
2020 жылдың 16-шы желтоқсаны күні "Nur Otan" партиясы аудандық сайлау алды штабының мүшелері Көкөзек ауылдық округ тұрғындарына үгіт - насихат жұмыстарын жүргізді.
Аталмыш шараға ауылдық округтің тұрғындары барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып қатысты.
Кездесу барысында ауданымыздың маңызды мәселелері көтеріліп, партияның болашақтағы жоспарлары талқыланды.
Шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Тұрғындар мереке күні құттықтай келген штаб мүшелері алғыстарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
"Nur Otan" партиясының сайлау алды штабының жұмысы өз жалғасын табады.
«Nur otan» партиясы Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.