
Елордада мас жүргізушісі жол апатын жасап, бірнеше адам ауруханаға түсті
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, кеше, сағат 23.55-те орташа деңгейде мас болған 29 жастағы жүргізуші "Lada" көлігімен Момышұлы даңғылымен келе жатып, жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. Соның салдарына қарсы беттегі "Hyundai Sonata" көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Жол-көлік апаты салдарынан "Hyundai Sonata" көлігінің 26 жастағы жүргізушісі және "Lada" көлігінің жолаушылары түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр",- деді департаменттің баспасөз қызметінен.
Фото: inbusiness.kz.