
Ұялы байланыс қандай да бір себептермен жарамсыз болып қалғанда стационарлық телефон көмектеседі, дейді сарапшы
Қазір ешкім үй телефонын пайдаланбайды, соған қарамастан одан біржола бас тартуға болмайды. Бұл туралы Прайм порталына B&C Agency коммуникация агенттігінің басқарушы серіктесі Марк ШЕРМАН айтты.
"Үйде әрқашан қосалқы байланыс құралуы болуы керек, оның жалғыз себебі бар – ұялы телефон кез келген уақытта істен шығуы мүмкін немесе қуаты бітіп қалады", - дейді сарапшы.
Ұялы байланыс қандай да бір себептермен жарамсыз болып қалғанда стационарлық телефон көмектеседі. Әсіресе бұл шұғыл қызметтерге қоңырау шалуға өте қажет болады, деп хабарлайды Sputnik.
Екінші жағынан, қазір үй нөмірін сұрайтындар аз, ұялы байланысқа толығымен ауысқысы келмейтіндер ғана стационарлық телефонды ұстап отыр. Уақыт өте келе олар толығымен жойылады, деп түйіндеді Шерман.
Фото: СС0 / Peter Douglas.