Үндістанға барам деп ақшасыз қалған Асеке

1488 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 29 Сен 2024, 12:00

Алаяқтарға алданып қалмаңыз

Асеке – ойдан шығарылған адам дегенмен, оның басына туған күн сіз бен бізге де келіп тұрмасын.

Асекеңе балалары Үндістанға жолдама сыйлады. Өйткені Асекең бала кезінен Үндістанға қызығатын еді. Кезінде жұмыста озат болған бір ағасын совет одағы Үндістанға қыдыруға апарып, сол ағасының Үндістан туралы небір қызықты әңгімелерін естігенде Асекең аузын ашып тыңдаған.

Читайте также
Автокөлік ұта жаздап, ақшасыз қалған Асеке

Сонымен билеті дайын, отель брондалған, тіпті ұсақ-түйек экскурсиялардың билеті де сатып алынды. Көрші-қолаң, туған-туысы да Асекең Үндістанға барып демалмақ екенін естіп алған. Оның балаларын жарыса мақтап жатыр!

Енді қалғаны тек виза алу еді. Балалар түсіндіргендей, Қазақстан азаматтары үшін онлайн-виза керек екен. Оны алу үшін ресми сайтына кіріп, анкета толтыру қажет. Ұлы көмектесейін деп еді, Асекең оның көмегінен бас тартты: мені ақымақ дейсің бе, өзім-ақ толтыра аламын деген. Ұлы қасарысқан жоқ, біраз уақытты алатыны болмаса, ол анкетаны толтыру аса қиын шаруа емес еді.

Бірақ Асекең виза деген адам басына 25 доллар тұратынын білмеген екен. Ұлының көмегінен бас тартқанына өкінді. Жарайды, оны қойшы, әйелі екеуі компьютерді қосып, елшіліктің сайтын іздей бастады. Іздеуден бірнеше парақша шықты, түріне қарасаң бәрі бірдей. Бұлар көп ойланбай біреуін ашты-дағы анкетаға өз деректерін енгізе бастады. Бір сағаттан астам уақыт отырды, ақыры ақшасын төлейтін жерге келді.

Сөйтсе, сол сайттан-ақ төлей салуға болады екен, Асекең бұған қуанып кетті. Тез арада төлеп тастады.

Бірақ сол күні де, ертесінде де оған ешқандай виза келмеді.

Сасқан Асекеңе ұлына қоңырау шалып, не бүлдіріп қойғанын мойындауға тура келді. Алаяқтардың құрығына түсіп, ақшасын белгісіз біреулерге аударып жібергенін сонда түсінді. Асекең тағы да алданған екен.

Есіңізде болсын! Ресми сайттардың көптеген көшірмелері болады, онда бәрі түпнұсқадай көрінеді. Бірақ төлем жасаған кезде ақшаңыз шешіледі, ал виза келмейді, өйткені олар алаяқтар.

Сақ болыңыз және жеке мәліметтерді енгізу және виза төлемін төлемес бұрын сайттардың түпнұсқалығын мұқият тексеріңіз!

Фото: om-tour.ru.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана