Министр Сұлтанов азық-түліктің неге қымбаттайтынын айтты

2257 просмотров
0
Ратель
Вторник, 28 Апр 2020, 13:00

Сауда-логистикалық инфрақұрылым нысандарының бір-бірімен дұрыс үйлестірілмеуі тұтынушыға дейін жеткізетін тауар жолын қиындатады

Сауда және интеграция министрі Бақыт СҰЛТАНОВ азық-түлік бағасының өсуіне себеп болатын проблемаларды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Біріншіден, министрдің айтуынша, азық-түлікті ұзақ сақтау үшін сапалы инфрақұрылым жетіспейді. Тиісінше, бұл ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шығынын арттырады.

Читайте также
Табысынан айырылған 4,2 млн адам 42 500 теңгеден жәрдемақы алды

"Екіншіден, сауда-логистикалық инфрақұрылым нысандарының бір-бірімен дұрыс үйлестірілмеуі тұтынушыға дейін жеткізетін тауар жолын қиындатады. Үшіншіден, сауда инфрақұрылымының ескі форматтары өнімді тиімді таратып және ұзақ мерзімді кезеңге бағаны тұрақтандыруға жол бермейді", - деді Сұлтанов үкімет отырысында.

Сонымен қатар, елдегі көлік-логистика жүйесінің қымбат әрі тиімсіздігі транзиттік мүмкіншіліктер мен экспорттық потенциалды толық ашуды қиындатады.

"Енді өндіріс пен тұтыну балансы туралы айтатын болсақ, ішкі нарықтағы сұраныс отандық азық-түлік тауарлары есебінен жабылатындығы айқын. Алайда, қазіргі инфрақұрылым, жетілдірілмеген логистика, тауар айналымына қатысушылардың өзара нақтыланбаған іс-қимыл бағаның едәуір өсуіне алып келеді. Еліміздің әрбір азаматы осындай жағдайды әсіресе маусымаралық кезеңде сезінеді", - деді министр.

Айтуынша, жыл сайын ақпаннан мамырға дейін, егін қоры таусылып, көрші елдерден жаңа өнім келе бастағанда баға өседі. Ал бұл инфляцияға теріс әсер етеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, республикада көкөніс сақтау қоймаларының тапшылығы шамамен 70%-ті құрайды, ал кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш 90%-ке жетеді.

Читайте также
Адам 3-5 минут сайын бетін ұстайды – комитет маска киюдің маңызын айтты

"Бұл өнім шығынына және оны ұзақ сақтап қалу мүмкіншілігінің болмауына алып келеді. Мәселен, көкөніс пен жемістің шығыны 19%-ті, ет пен сүт өнімдерінің шығындары 5%-ті құрайды. Кәсіпкердің барлық шығыны өнімнің түпкілікті құнына әсерін тигізеді", - деді Сұлтанов.

Бұдан бөлек, ол базарлардың бірде бірі заман талабына сай емес екенін атап өтті.

Қазір елімізде 750 сауда базары жұмыс істейді, оның басым бөлігі (51%) стационарлық емес.

"Базарларда тауарды жедел жүктеуге мүмкіндік беретін заманауи жүк түсіру (қазір оны "кросс-док" деп атайды) және температуралық қоймалардың жеткіліксіздігі бағаға тікелей әсерін тигізеді. Әрине, базарларда тауар ағындарын бақылау бойынша ақпараттық жүйе де жоқ", - деді Сұлтанов.

Министр қалаларда карантин енгізілуіне байланысты болған дүрбелең осы мәселелерді тағы да айқындап бергенін айтты.

Иллюстративное фото из открытых источников.

король бельгийцев:
- Казахстан находится на передовых позициях в цифровизации. Страна разработала уникальные решения, особенно в области искусственного интеллекта.
Открытый суд с ограничениями: что мешает журналистам освещать процессы в Казахстане
Семь шагов к открытости судебных процессов
От подлинного «құрмет» к суррогату «көкірек»: как жажда признания меняет наше поведение
Почему даже небольшие полномочия становятся способом самоутверждения
Почему квартира не продаётся: 10 ошибок продавца в 2026 году
Как подготовить объект к сделке и не потерять заинтересованного покупателя
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Brent поднималась до $112,55 после новых атак на Саудовскую Аравию
Удары по нефтяным объектам и аэропортам усилили опасения новых перебоев с поставками с Ближнего Востока
Медведи рядом с Алматы: где их можно встретить и насколько это опасно
Фотоловушки фиксируют хищников на лесных тропах, а специалисты изучают маршруты передвижения краснокнижных животных
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай