Мемлекет басшысы жаңа Бюджет кодексіне қол қойды

2682 просмотров
0
Ратель
Суббота, 15 Мар 2025, 15:30

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV отырысында сөйлеген сөзі жарияланды

Читайте также
Этнограф: қазақта Амал деген мереке жоқ

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің мәтіні баспасөзде жарияланады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кодекстің бірінші блогы мемлекеттік қаржы туралы ережелерге сай салық-бюджет, ақша-несие және фискалды саясатты байланыстыруға бағытталған.

Екінші блок мемлекеттік органдардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыра отырып, бюджет процесін оңтайландырды. Бюджет процестерінің мерзімдері мен кезеңдері қысқартылды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өкілеттіктері мен жауапкершілігін едәуір кеңейту есебінен блоктық бюджет элементтері енгізілді. Мемлекеттік органдарға бюджеттік бағдарлама шығыстарының 15 пайызы көлеміндегі қаражатты дербес басқару құқығы берілді. Мемлекеттік органдар биыл жұмсалмаған бюджет қаржысын келесі жылдың қаңтар айынан бастап пайдалана алады. Бұл шығыстарды үздіксіз қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Үшінші блок парламенттік бақылауды күшейтуге арналған. Мемлекеттік кепілдіктерді, мемлекет кепілгерліктерін беру лимитін, үкіметтік борыш лимитін және жергілікті атқарушы органдар борышын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыз лимитін Парламент қарастырып, бюджет туралы заңмен бекітеді.

Төртінші блок бюджеттің кіріс бөлігін жоспарлау сапасын арттыру және бюджет қаржысын тиімді пайдалану жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды көздейді. Кодексте квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қатысты мемлекеттік дивиденд саясатының негізгі ережелері белгіленген.

Читайте также
Оңтүстік Корея да Temu-ға қарсы

Бесінші блок жинақ функциясына баса назар аудара отырып, Ұлттық қорды пайдалану шарттарын белгілейді. Ұлттық қорды пайдалану Президент бекіткен мақсатты бағдарлармен шектеледі. Қордың қаражатын ішкі қаржы құралдарына салуға рұқсат етілмейді. Бұл ақшаны бюджеттен тыс пайдалануға жол бермейді. Ұлттық қордың нысаналы трансферті тек жалпыхалықтық маңызы бар нысандар мен жобаларды қаржыландыруға ғана пайдаланылады. Ол үшін тиісті критерийлер енгізілді.

Алтыншы блок квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын қоса алғанда, мемлекеттің қарыз саясатына бақылауды кеңейтуге бағытталды. Уәкілетті органдар мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелеріне болжау, мониторинг және бағалау жүргізу шараларын жүзеге асырады. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борыш лимиті республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді.

Түзетулердің жетінші блогы бюджетаралық қатынастарды жетілдіре түсті. Азаматтарды бюджет қаражатын бөлу процесіне белсенді тарту үшін халық қатысатын бюджет тәртібі заңнамалық негізде бекітілген.

Фото: akorda.kz

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

президент Республики Казахстан:
- К сожалению, есть недоброжелатели, которые пытаются исказить саму суть принципа «Закон и Порядок», представляя его как инструмент давления. Считаю это нечистоплотным.
От Каспия до алгоритмов: что московский саммит ОДКБ меняет для Казахстана
Расширение повестки ОДКБ ставит перед Астаной прагматичный вопрос - какие механизмы организации реально работают на национальные интересы
Казахский язык в глобальной стратегии средней державы
Как мягкая сила, цифровые технологии и культурное продвижение получают новое место в государственной политике
Государственный аппарат проходит проверку на верность реформам
Виталий Колточник о новой роли Совбеза, антикоррупционной перезагрузке и борьбе за контроль над стратегическими ресурсами
Чей председатель? Как строительные недоделки становятся расходами жильцов
Адвокат Асқат Сулубек — о зависимости управления домом от застройщика, гарантиях и цене молчания о дефектах новостроек.
Шынайы құрмет пен жасанды «көкірек»
Аз ғана билікке қолы жетсе, эмпатиядан жұрдай болып, «көкірегін» қағатын адамдардың психологиялық сыры
Почему квартира не продаётся: 10 ошибок продавца в 2026 году
Как подготовить объект к сделке и не потерять заинтересованного покупателя
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Смена руководства КНБ: кто такой Марат Ирменов и как складывалась карьера Ермека Сагимбаева
Новый глава спецслужбы прошел путь от региональных департаментов до руководства Комитетом
Казахстан между модернизацией и новым этапом развития
Политолог Равшан Назаров — о суверенитете, инфраструктурной модернизации, искусственном интеллекте и значении казахстанских реформ для Центральной Азии
Когда исчезает знание: что художники Центральной Азии искали в кыргызском Кадамжае
Экспедиция Tamyr Central Asia Art Lab началась с истории почти исчезнувшей профессии и превратилась в исследование памяти, мифа и художественного опыта
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай