"Ұлттың баға жетпес байлығы": Тоқаев желіде жазба жариялады

1865 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 16 Авг 2020, 15:00

Он бесінші тамызда Қазақстанның халық әртісі, ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына тоқсан жыл толды

Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығы - ұлттың баға жетпес байлығы, дейді президент Қасым-Жомарт Тоқаев, деп хабарлайды Sputnik.

"Бүгін еліміздің Әнұраны "Менің Қазақстаным" әнінің авторы, ұлт руханиятына талай сырлы саз бен әсем әуен сыйлаған композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толды. Шәмші шығармашылығы – ұлттың баға жетпес байлығы. Оның туындыларын кеңінен насихаттау – бүгінгі ұрпақтың парызы", - деп жазды Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Читайте также
Медициналық қызметтерді қашықтан қалай алуға болады

Шәмші Қалдаяқовтың өмірбаяны

Шәмші Қалдаяқов 1930 жылдың 15 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Ол бірден өнер жолына түскен жоқ. Әуелі Қапланбектегі ветеринарлық техникумды бітірсе, кейін Сахалиндегі әскери училищені, елге келген соң Ташкент қаласындағы Хамза Ниязи атындағы музыка училищесін, содан соң Құрманғазы атындағы консерваториясының композиторлар дайындайтын факультетінде оқыған.

Шәмші Қалдаяқовтың көптеген әні Роза Бағланова, Ришад Абдуллин, Бибігүл Төлегенова, Рашид Мұсабаев, Зейнеп Қойшыбаева сынды әншілердің репертуарынан берік орын алды. Халық арасында "Менің Қазақстаным" туындысы айрықша мәшһүр болды. Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар. 

Артына музыкалық мол мұра қалдырған Шәмші Қалдаяқов 1992 жылы 62-ге қараған шағында Алматы қаласында қайтыс болды.

1991 жылы Шәмші Қалдаяқов жайлы "Жылдарым менің, жырларым менің" атты ғұмырнамалық деректі фильм түсірілді. Осы жылы композитор Қазақстанның халық әртісі атағын алды.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Alem Tech Fest 2026: сформирована национальная сборная Казахстана по робототехнике