Коронавирустан емделгеннен кейін денсаулықты қалай күту керек – профессор кеңесі

2135 просмотров
0
Ратель
Вторник, 06 Окт 2020, 19:00

Вячеслав Локшин коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдайда қорқынышқа бой алдырмау керектігін айтты. Қорқынышқа бой алдырған кезде иммунитет қызметі бұзылып, адам өзін басқару қабілетінен айырылады.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав ЛОКШИН COVID-19-ға қатысты сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша, коронавируспен ауырған жағдайда қорқынышқа бой алдырмай вирустан қорғайтын қажетті шараларды жылдам қабылдап, әрекет ету керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Читайте также
Қырғызстандағы дүрбелең: президент Жээнбековтің қайда екені белгілі болды

"Тұмаудың қоздырғышы тұмау тудырса, коронавирусты РНҚ вирусы тудырады. Бұл әртүрлі органның тамырларына зақым келтіреді және бұл тыныс алу жолдарынан бастап өкпенің, бауырдың, бүйректің, мидың зақымдануына әкеп соғады. Тұмау да пневмониямен ауыруға себепші болуы мүмкін, бірақ коронавирустың жұғу қаупі тұмаудан да жоғары. Тұмау вирусы өкпенің қабынуына көбірек әсер етсе, коронавирус қантамырға, қанның ұйып қалуына көбірек әсер етеді. Коронавирустың тұмаудан айырмашылығы – ол балалар мен жастардан гөрі егде жастағы адамдарға көбірек зиянын тигізеді", - дейді Вячеслав Локшин.

Оның айтуынша, кез келген қабыну жағдайында IgM антиденесі, одан кейін IgG антиденесі пайда болады. Ал коронавирус жағдайында алдымен IgG антиденесі, одан кейін ғана IgM антиденесі пайда болады.

"Қазіргі уақытта антиденені диагностикалау әдістерінде сезімталдық бойынша айырмашылықтары бар екені айтылады. Жалған оң нәтижелі және жалған теріс нәтижелі қорытынды шығуы мүмкін. Қоронавирусқа қарсы антидене және иммунитет қалыптасатыны сөзсіз, бірақ оның қаншалықты ұзақ уақытқа қалыптасатыны туралы айту – қиын. Коронавируспен қайталап ауырған жағдайлар сирек кездесетінін көріп отырмыз. Мысалы, тұмауды да қайталап жұқтырып алу мүмкін, себебі тұмау мен коронавриусқа мутацияға ұшырап отырады", - дейді профессор.

Вячеслав Локшин коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдайда қорқынышқа бой алдырмау керектігін айтты. Қорқынышқа бой алдырған кезде иммунитет қызметі бұзылып, адам өзін басқару қабілетінен айырылады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта дәрімен емдеу коронавирус індеті басталған кезге қарағанда әлдеқайда жеңіл. Қабынуға қарсы парацетамол, аспирин және басқа да дәрілерді қабылдаудың қажеті жоқ. бұл дәрі-дәрмектердің коронавирусты емдеуге әсері қандай болатыны дәлелденбеген.

Читайте также
6 қазаннан бастап карантин талабы күшейеді: жаңа қаулы шықты

"Ең бастысы – көп мөлшерде ыстық су ішу керек. Дене қызуын түсіру үшін парацетамол қолданып, төсекте жату керек. Жатқан бөлмені желдетіп, Д дәрумені мен басқа да полидәрумен кешенін ішу керек. Егер дерт пневмонияға ұласып кетсе, дәрігер бактерияға қарсы дәрі-дәрмектер жазып беруі мүмкін. дәрігердің рұқсатынсыз дәрі-дәрмектерді орынсыз қабылдай беруге болмайды", - дейді ол.

Вячеслав Локшин орташа немесе ауыр түрде ауырған жағдайда қанның ұюы мен бауыр қызметіне көңіл бөлу керек. Қант диабетімен ауыратындар негізгі аурудың асқынып кетпеуіне назар аударуы қажет.

"Вирус тамырлардың қабырғасына әсер етеді, сондай-ақ қанның ұйып қалуына себепші болады. Ондай жағдайда өкпе, бауыр, бүйрек сияқты органдардың қызметі бұзылады", - дейді ол.

Ол қазақстандықтарға тұмауға қарсы екпе жасатуға кеңес берді. 65 жастан асқандар пневмококқа қарсы вакцина егілуі тиіс.

"Карантин әлі аяқталған жоқ екенін естен шығармауымыз керек. Қоғамдық орындарда медицина маскасын тағып, әлеуметтік қашықтық сақтап, жеке бас гигиенасын сақтауға міндеттіміз", - дейді ол.

Фото: RT.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай