Үкімет басшысы қант монополисінің қызметін тексеруді тапсырды

1689 просмотров
0
Ратель
Пятница, 12 Авг 2022, 12:00

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, онда қант нарығындағы монополияға қарсы ден қою шаралары қаралды

Премьер-министрі Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, онда қант нарығындағы монополияға қарсы ден қою шаралары қаралды.

Читайте также
Әлихан Смайылов өңдеу секторындағы кәсіпорындарды қолдау шараларын кеңейтуді тапсырды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин елімізде қанттың негізгі көлемі Жамбыл және Алматы облыстарында орналасқан төрт зауытта өндірілетінін атап өтті. 

Бұл ретте елде өндірілген қанттың негізгі көлемін (шамамен 90%) ірі көтерме жеткізушінің сатып алғаны атап өтілді, оның іс-әрекеттерінен тауарды айналымнан алып қою белгілері байқалып отыр, соның салдарынан қанттың нарықтық бағасы 700-800 теңгеге дейін көтерілген, ал өндіруші зауыт оны 420-450 теңгеден сатады. 

Қант сатудың динамикасын зерттеу барысында әр айдың соңында компанияда елдің жекелеген өңірлерінде сұранысты ішінара қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қалдық қордың болғаны анықталды. Осыған байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері бойынша тергеу тағайындады. 

Қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін нарық субъектілерінің тауар биржасы арқылы қанттың ең аз партияларын (60 тонна) өткізу бөлігінде оларға бақылауды қатаңдату, сондай-ақ импорттаушыларды биржа арқылы қант өткізуді жүзеге асыруға міндеттеу және өндіруші зауыттар үшін шикізат сатып алуға айналым несиелерін бөлу мәселесін қарау ұсынылды. 

Премьер-министр ұсынылған тәсілдерді қолдап, мемлекеттік органдарға бірқатар қосымша тапсырмалар берді. 

Үкімет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері бойынша компанияға қатысты тергеуді жалғастыруды тапсырды. 

Қаржылық мониторинг агенттігіне осы кәсіпорынның қызметін ықтимал бұзушылықтар тұрғысынан егжей-тегжейлі талдау тапсырылды. 

Сонымен қатар премьер-министр Сауда және интеграция министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен және өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, отандық қант зауыттарына шикізат сатып алуға "айналым схемасы" бойынша қаражаттың бір бөлігін жіберу мәселесін пысықтауды тапсырды. 

Primeminister.kz.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Встречи министров, старые убийства, интернет-мошенники, массовая драка и споры вокруг Кок-Жайляу
Что происходило в Казахстане и странах региона — коротко о самых обсуждаемых событиях за неделю
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай