Карантин кезінде той тойлап жүрген шымкенттік полиция басшылары жазаланды

4167 просмотров
0
Ратель
Среда, 24 Июн 2020, 17:30

Тексеру барысында той 12 маусым күні Түркістан облысы Төлеби ауданындағы демалыс аймағында карантин кезінде ұйымдастырылғаны белгілі болды

Әлеуметтік желілерде шымкенттік полиция қызметкерлерінің тойда жүргені түсірілген видео жарияланды. Кейіннен бұл тойдың 12 маусым күні Түркістан облысы Төлеби ауданындағы демалыс аймағының бірінде өткені анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Читайте также
Елордада демалыс күндеріндегі карантин қайталануы мүмкін

Әлеуметтік желіге тараған көріністе қыз ұзату тойына келген қонақтардың дастархан басында отырғаны, суретке түскені және билеп жүрген кезі түсіп қалған. Сондай-ақ, "Құрметті министр мырза! Бұл қалай болғаны? Полиция қызметкерлеріне коронавирус жұқпай ма? Әлде карантин жүрмей ме? Төлеби ауданындағы тау бөктерінде бірқатар атқамінер полиция қызметкерлері жұмысты қойып, карантинге қарамай той тойлауда. Оның бірі - полиция оқу орталығының бастығы ТІЛЕУБЕРДИЕВ, Шымкент қаласы полиция күзет бастығы ПІРМЕТОВ, Шымкент қаласы басқарма бастығы ОМАРОВ және тағы басқа полицейлер бар. Осы видеоны көріп, өзіңіз дұрыс баға берер деп ойлаймын", деп жазылған.

Бұл видео бойынша Шымкент қалалық ПД тиісті тексеру жүргізген.

"Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Тексеру барысында той 12 маусым күні Түркістан облысы Төлеби ауданындағы демалыс аймағында карантин кезінде ұйымдастырылғаны белгілі болды. Салтанатты іс-шараға Шымкент қаласы полиция департаментінде жұмыс істеп жүрген қызметкерлерінің бірі, сондай-ақ оқу орталығының және өңірлік мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастықтары қатысқан. Тойға қатысқан барлық лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметшінің этикалық кодексін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды", делінген хабарламада.

Ал, той өткізген демалыс аймағына әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті айыппұл салынған. Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін Төлеби аудандық сотына жолданған.

Читайте также
Тоқаев екі күннен кейін Мәскеуге барады

"Бейнетүсірілімді зерделеу барысында Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бұзылғаны анықталды. Санитар дәрігерлер демалыс аймағының әкімшілігіне қатысты ҚР ӘҚБК 462-бабы 3-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Қонақтармен және іс-шараны ұйымдастырушылармен санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтау қажеттілігі туралы профилактикалық әңгіме өткізілді" делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін шымкенттік тағы бір полицей Мақтаарал ауданында өткен 20 жылдық басқосуға қатысқаны үшін жазаланған болатын.

Фото: youtube.com.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
LRT, Халық Кеңесі, саммит ОТГ и громкие уголовные дела: главные новости недели
Ratel.kz собрал самые заметные события с 11 по 16 мая - от политических законопроектов и запуска столичного LRT до задержаний, коррупционных расследований и судебных решений
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай