Хон Бом Доның мүрдесі отанына оралды

3949 просмотров
0
АЙНУР ТУНГЫШБАЕВА
Воскресенье, 15 Авг 2021, 15:00

Оңтүстік Корея мемлекеті тағы бір қаһарманының мүрдесін алып кетті

Бүгін таңертең Қызылорданың әуежайынан корей елінің ұлт азаттығы үшін күрескен қаһарман ұлы, генерал ХОН Бом Доның сүйегі арнайы ұшақпен Кореяға тасымалданды. Айта кетейік, бұл миссия осыған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ пен Оңтүстік Корея елінің президенті КИМ Чже Ин арасындағы келісімге сәйкес орындалды.

Кореяның азаттығы үшін басын бәйгеге тіккен Хон Бом Доның тағдыры әу бастан-ақ оңай болмады. Бүлдіршін кезінен жетім қалып, жоқшылықты да, түрмені де, жойқын соғысты да көрді. Жапондармен ұрыста партизандар жасағына жетекшілік етіп, ұлт батырына айналды. Тіпті ЛЕНИНМЕН де жүздесіп, өз елінің тәуелсіздігі турасында пікір алмасқанын мұрағаттағы құжаттар айғақтайды. 

Алайда өз дәуірінде Хон Бом До баһадүр болып ұлықталмады, саяси репрессия өз дегенін істеді, Қиыр Шығыстан 1937 жылы Қазақстанға, оның ішінде Қызылордаға жер аударылды. 

Қызылордада Хон Бом До корей театрында күзетші болып жұмыс істеп, жан бақты. Қарапайымдылығы соншалық, оның батыр, генерал болғанын көпке дейін жан баласы білмеді, ол айтпады. Кейін келе сол өнер ордасы ұлт қаһарманы туралы арнайы спектакльді көрерменге көзайым етті. Хон Бом Доның тікелей ұрпағы болмады. Ауыр тағдыр иесі 1943 жылы 25 қазанда көз жұмды. 

Уақыт оза Сыр жерінде Хон Бом До мемориалы бой көтерді. Корей батырының есімімен көше аталды. Енді міне, Хон Бом Доның сүйегі қайта қазылып, екі ел келісімімен бүгін өз Отанына оралды. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Корея мемлекеті азаттық үшін күрескен батырлары ХВАН Ун Ден мен Ге Бон Удың мүрдесін Қазақстаннан алып кеткен болатын.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
От легенды советского здравоохранения до руин: судьба госпиталя для ветеранов в Алматы
Минздрав РК объяснил, почему не реконструируется госпиталь для инвалидов Отечественной войны
Поствыборный экзамен для партий: Виталий Колточник — о том, что показали съезды
О перезагрузке партийной системы Казахстана, феномене «семипартийности» и завершении эпохи партий одного человека
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай