Ерлан Тұрғымбаев: Біз болашақ полицейлерді дайындау бағдарламасына өзгерістер енгізуіміз керек

2245 просмотров
0
Ратель
Пятница, 25 Дек 2020, 22:10

Ішкі істер министрі Мақан Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясына барды

Бұл оқу орнында курсанттың қаза болуына байланысты кешенді тексеру жүргізілуде. Министрге тексерудің алдын ала нәтижелері туралы арнайы топтың басшысы – ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы Айдар САЙТБЕКОВ баяндады.

Читайте также
Бес қалада заңсыз ойын бизнесімен айналысып, 800 млн теңге табыс тапқан топ ұсталды

Ол өз сөзінде оқу орнының тек қана тұрмыстық жағдайы, материалдық-техникалық жабдықталуы ғана емес, оқытушылар мен курсанттар арасындағы моральдық-психологиялық ахуал да зерттеліп жатқанын айты өтті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта жүйелі түрде заңсыз ақша жинау фактілері расталмаған. Дегенмен, курсанттардың туыстарының оқу орнындағы ықтимал қысым көрсетушілік туралы хабарламалары да мұқият зерттелуде.

– Студенттер арасында әлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізу барысында өзіне қол жұмсаған курсанттың әртүрлі сылтаулармен туыстарынан үнемі ақша сұрайтындығы анықталды. Ол сондай-ақ өзге курсанттардан қарызға ақша алып, оның көпшілігін қайтармаған. Курсанттардың айтуы бойынша, соңғы кезде қаза тапқан курсант интернет-казино мен букмекерлік кеңселерге салымдар салумен айналысқан. Курсант Саламат Өтегенов туысқандары мен таныстарынан түрлі сомаларды осы мақсатқа алып отырды ма деген болжам бар. Сонымен қатар, қылмыстық істі тергеу аясында болған оқиғаның барлық нұсқалары тексерілуде, – деп баяндады Ішкі істер министріне Айдар Сайтбеков.

Оқу орнын аралау барысында Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелерімен, сондай-ақ курсанттардың казармада тұру жағдайымен танысты. Министр сондай-ақ Академияның оқытушыларымен, курсанттарымен және курсанттардың ата-аналарымен кездесті. ІІМ басшысы жақын арада жаңа басшылық тағайындалатынын, оның басты міндеті – курсанттардың тәртіп деңгейі мен кәсіби даярлығын арттыру екенін атап өтті.

– ЖОО әкімшіліктері курсанттардың оқу орнында болған кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Тәртіпті бұзуға жол бермей және олармен үнемі тәрбие жұмысын жүргізуі тиіс. Бүгінгі таңда ішкі істер органдары жоғары білімді және кәсіби кадрларды қажет етеді. Қазақстан полициясының болашағы оқу орындарының қабырғасында алатын білім мен моральдық-психологиялық дайындыққа байланысты екенін есте сақтау қажет, – деп атап өтті кездесу барысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Читайте также
Головкин Р4Р рейтингінде үздік боксшылардың ондығына кірді

Ведомство басшысы бұл қайғылы оқиға тәрбие жұмысындағы проблемаларды көрсеткенін айтты.

– Біз болашақ полицейлерді дайындау бағдарламасына өзгерістер енгізуіміз керек. Үнемі психологиялық мониторинг жүргізу қажет, – деп атап өтті министр.

Ерлан Тұрғымбаев тергеу барысын жеке бақылауына алып, нәтижесі туралы тұрақты баяндауды тапсырды. Еске салар жай, ІІМ бұйрығымен өзіне сеніп тапсырылған бөліністегі ұйымдастыру жұмыстарына тиісті қадағалаудың болмауына байланысты Академия бастығы О.Х. Смаилов атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар, Академияның тағы 16 жауапты қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың бесеуі де лауазымдарынан босатылды.

Фото: ДВД Алматы.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Состоялся телефонный разговор Владимира Путина с Президентом Республики Казахстан Касым-Жомартом Токаевым
Затронуты актуальные проблемы международной повестки дня