"Жексенбі, 13 желтоқсанда қоғамдық көліктің жұмысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі", - дейді компания мамандары.
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлік жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүреді.
"Дүйсенбі, 14 желтоқсаннан бастап бағдарлар қалыпты кестесіне сәйкес қатынайды. Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауды және автобустарға бетпердесіз кірмеуді сұраймыз. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді", - делінген ресми хабарламада.
Фото: Sputnik / Владислав Воднев.