
3-4 қаңтарда барлық автоусбатр түнгі 23:00-ге дейін ғана қатынайтынын
Елордада қала маңына қатынайтын 8 автобус маршруты уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының Фейсбуктегі парақшасында жазылды.
"Ауа райының қолайсыздығына (қатты аяз -30 - 38) байланысты қала маңына қатынайтын №№ 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда", делінген хабарламада.
Сондай-ақ, компания 3-4 қаңтарда барлық автоусбатр түнгі 23:00-ге дейін ғана қатынайтынын хабарлайды.