Елордаға Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу қарқыны қандай

1805 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 07 Июн 2020, 12:00

1 маусымнан бастап Қазақстанға Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу басталды

Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы төрт күннің ішінде 60-қа жуық көліктің иесі Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Мақтааралда су басқан үйлер қиратылып, ауылдар күл-қоқыстан тазартылып жатыр

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім еткендей, мұндай көлігі бар адамдарға қай аймақтан екені көрініп тұратын 01 нөмірі мен "А" әріптік символы бар, сары түсті фондағы мемлекеттік тіркеу нөмірі беріледі. Сонымен қатар көлікке "Көлік құралы басқа адамның атына тіркеуге жатпайды" деген белгі қойылады.

Жаңа тіркеу нөмірімен автокөліктер Қазақстанның ішінде де, шетелде де салығын төлеп, техникалық тексерістен өтіп, еркін жүре алады.

"Үкіметтің қаулысына сәйкес көлікті тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды. Оның ішінде 695 теңге (0,25 АЕК) – көлікті тіркегені, 3473 теңге (1,25 АЕК) – техникалық құжат, 7778 теңге (2,8 АЕК) мемлекеттік нөмір үшін алымдар. Армения Республикасынан жеткізілген көлікті тіркеу үшін 20-40 көшесіндегі мамандандырылған ХҚО-ға бару керек", - деп түсіндіреді департаменттен.

Көлікті тіркеуге қатысты сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласының ПД әкімшілік полиция басқармасының (сағат 09.00-ден кешкі 18.00-ге дейін) 53-27-74,71-69-77, 53-22-70, 776-124-20-33, 777-717-00-05 нөмірлері бойынша Call-орталығына хабарласуға болады.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
На Олимпиаде в Милане в соревнованиях по фигурному катанию честь страны защищает Михаил Шайдоров