Ең сұлу әрі ақылды: 30 жастағы қазақ қызы Оңтүстік Кореяда жеңіске жетті

3306 просмотров
0
Ратель
Вторник, 30 Мар 2021, 17:15

Қазылар алқасы қазақ қызының сұлулығымен қатар, ән шырқауы мен корей тілі білімін бағалады

Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық модельдер байқауында қазақстандық Дана ҚАБЫЛТАЕВА жеңіске жетті.

Қазылар алқасы 30 жастағы Дана Қабылтаеваны сұлу әрі ақылды ару деп танып, 5 мың доллардан асатын сыйақы табыстады, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Дананы модельдер байқауына қатысуға құрбылары көндіріпті.

"Ұлтыңыз кім деп сұрайды. "Қазақ" деп жауап бергенде "осындай бет келбеті бола ма?" деп таңғалады. Яғни, бізде Еуропа мен Азияға тән нышандар араласып кеткен. Сондықтан оларға өте сұлу боп көрінетін шығармыз", - дейді қазақ қызы.

Читайте также
Қазақстан "қызыл" аймаққа кірді

Отандасымыз Кореяға төрт жыл бұрын алмасу бағдарламасы бойынша келген. Болашақ жұбайымен де осы елде танысыпты. Он ай бұрын тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді. Қазір ағылшын тілінен сабақ береді.

Қазылар алқасы қазақ қызының сұлулығымен қатар, ән шырқауы мен корей тілі білімін бағалады.

"Дана ханшайым сән көрсетілімдерінде ерекше жеңілдіктерге ие болады. Оны Кореядағы түрлі ток-шоу мен бағдарламаларға шақырады. Киноға түсіп, жарнама моделі болуына мүмкіндігі бар", - деді модель байқауын ұйымдастыру комитетінің төрағасы КИМ Ин Бе.

Биыл коронавирус пандемиясына байланысты байқауға өзге елдерден модельдер қатыса алған жоқ. Сондықтан подиумге Кореяда тұрып жатқан шетелдіктер шыққан.

Sputnik.

Фото: CC0 / jbundgaa.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай