
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 20 сәуірмен салыстырғанда бірден 2,10 теңгеге өскен
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 20 сәуірмен салыстырғанда бірден 2,10 теңгеге өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 431,93 теңге болды.
Ұлттық банктің 21 сәуірдегі ресми бағамы: 1 доллар - 429, 76 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 432,82 теңгеден сатылса, сатып алу - 431,29 теңге.
Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 432,07 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 430,91 теңге.
Фото: Ⓒ Ratel.kz / Сергей Перхальский.