Димаш қатысқан бір клип үшін бюджет қаншаға шашылды

2689 просмотров
0
Антон СЕРГИЕНКО
Вторник, 15 Окт 2024, 14:00

Димаштың әніне танымал туристік жерлерде клип түсірілді

Читайте также
Леха Семипалатинский деген кім

ҚР Туризм және спорт министрлігі мен "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы 63 106 000 теңгеге келісімшарт жасасты. "Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕННІҢ қатысуымен Қазақстан туризмін насихаттау" дейтін қызмет үшін осындай соманы төлеуге дайын.

Бір қызық тұсы – келісімшартта тапсырыс берушінің кім екені, тапсырыстың техникалық құжаттамасының мазмұны жария болмасын, қолдан келгенше құпия қалсын деген тармақ бар.

Министрлік бюджеттен ештеңе шығындамай жаңа клип түсіріліп жатқанын хабарлап үлгерген. Бұл жерден өтіріктің иісі шығатыны білініп тұрды. Әсіресе ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан ЕРКІНБАЕВТЫҢ мына сөзінен кейін:

"Бұл жоба Қазақстанның бірегей сұлулығына назар аудартып қана қоймай, көрермендерге өнер туындысы арқылы елімізді жаңа қырынан көрсетуге жол ашады. Бейнебаян арқылы көрермендер Қазақстанды мәдени мұрасы бай, қайталанбас табиғаты бар ерекше мекен ретінде таниды деп үміттенеміз".

Бұған дейін ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен "Kazakh Tourism" АҚ Димаш Құдайбергенмен бірге елдің туристік нысандарында клип түсіруге кіріскені хабарланған. Жоба аясында Қазақстанның табиғи және мәдени мұрасына арналған жаңа музыкалық композиция таныстырылады. Түсіру Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, Ақмешіт үңгірі, Әзірет-Сұлтан музей-қорығы, Бозжыра шатқалы, Торыщ аңғары және басқа да жерлерде өтті.

Читайте также
Мынаны үйіне қайтарыңдар!

Келісімшарттың техникалық сипаттамасында жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасын және оның туристік әлеуетін ТМД, Еуропа және Азия нарығына таныту деп көрсетілген. Күтілетін нәтиже – YouTube, Facebook, Instagram, Twitter, VK, Weibo және TikTok интернет-ресурстарында 15 миллион қаралымға жету. Шенеуніктердің жоспарынша, бұл 2029 жылға дейін келетін туристер санын 4 миллион адамға дейін арттыруға әкеледі.

Бұл келісім аясында жарық көрген туынды Димаш Құдайбергенге тиесілі. Алайда ол авторлық құқықты беру туралы келісім бойынша Туризм және спорт министрлігіне және "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" АҚ-ға қалған құқықтардың бәрін береді.

Төлем актілеріне қарағанда, келісімшарт бойынша қазірге дейін 16 800 000 теңге ғана төленген.

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми сайты.

Аударған А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана