Денсаулық сақтау министрлігі 553 млн теңгеге көлік алуға қатысты түсінік берді

2178 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 12 Июл 2020, 12:00

Жаңа көліктер орташа алғанда 300 шақырымнан астам радиуста инфекциялық сырқаттардың эпидемиологиялық ошақтарын уақытылы тексеру үшін қажет

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті 553 миллион теңгеге автокөліктерді сатып алуға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Мемлекет басшысының мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуын нығайта отырып, ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту туралы тапсырмасына сәйкес, сатып алу (көліктерді – ред.) экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша 2020 жылдың соңына дейінгі Кешенді жоспар аясында денсаулық сақтау жүйесін жітілдіру жөніндегі Іс-шаралар жоспарына енгізілді", - деді комитеттен.

Читайте также
Алматыда 35 мың дәрі заңсыз саудадан алынды

Ведомство мәліметінше, көліктер комитеттің 18 аумақтық департаментінің (224 аудандық бөлімшесі бар) мамандары, яғни елдің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі үшін сатып алынуда.

"Соңғы 8-10 жылда санэпидқызметтің автопаркі жаңаланған жоқ. Бүгінде автопарктің 90 пайызы 100 пайызға тозығы жеткен. Коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты COVID-19-бен күрес үшін арнайы автокөлікке жіті қажеттілік туындады", - деп толықтырды комитеттен.

Атап өтілгендей, жаңа көліктер орташа алғанда 300 шақырымнан астам радиуста инфекциялық сырқаттардың эпидемиологиялық ошақтарын уақытылы тексеру үшін қажет. Сондай-ақ лабораториялық зерттеулерді жасау үшін анализдерді шұғыл алып отыруға керек.

"Аталмыш сатып алуға қаражат 2018-2020 жылдарғы үшжылдық бюджетке енгізілген. Жоспар бойынша отандық өндірістің арнайы автокөлік құралдары сатып алынады", - деп түйіндеді министрлік комитетінен.

Айта кетейік, бұған дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдары Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті 553 799 400 теңгеге 140 автокөлік сатып алуды жоспарлап отырғанын жазған болатын.

Фото: amsrus.ru.

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай