
Қазақстан аумағына Финляндия аймақтарынан келетін ылғалды циклон әсер етеді
Қазгидромет 24-26 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қазақстан аумағына Финляндия аймақтарынан келетін ылғалды циклон әсер етеді. Жаңбырдың соңы қарға ұласады, кей жерлерде жауын-шашын жауады. Тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, республиканың солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі. Сондай-ақ, циклон аздаған жоғары температура алып келеді", - делінген хабарламада.
Фото: ТАСС/Сергей Фадеичев.