БЖЗҚ-дан ақшаны мерзімінен бұрын алуға қанша уақыт кетеді

3054 просмотров
0
Ратель
Суббота, 27 Мар 2021, 10:30

"Отбасы банк" 76,6 мыңнан астам адам өтінім жолдап, зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алды

"Отбасы банк" басқарма төрағасы Ляззат ИБРАГИМОВА БЖЗҚ-дан зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешуге арналған өтінімді қарастыруға қанша уақыт кететіні туралы айтты.

Читайте также
Оқушылар төртінші тоқсанда қалай оқиды – жаңа қаулы шықты

"Менің әріптестерім БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемін мақсатты түрде пайдалануға арналған құжаттарды өңдеу бойынша есеп әзірледі. Бұл – клиент құжаттарды жүктегеннен кейін операциялық департамент құжаттардың толықтығы мен мақсатты пайдалануын тексеріп, төлем жасауға рұқсат беруге кететін уақыт", - деп жазды Ибрагимова әлеуметтік желіде.

Ол бизнес-процестің бұл бөлігі шешім қабылдаудағы негізгі сәт екенін атап өтті.

  1. Бастапқыда толтырылған өтінім порталда БЖЗҚ-ға жолданады. Бұл кемінде бір жұмыс күні.
  2. Арнайы шотқа ақша аударылады – тағы бір жұмыс күні.
  3. Одан кейін банкке тәуелді емес ең маңызды кезең – клиент құжаттарды порталға жүктейді (PDF-файл форматында).

"Мұнда барлығы клиентке байланысты. Мысал ретінде үш жұмыс күні кетеді деп есептейік. Себебі клиент те қызығушылық танытып отыр", - деп жазды Ляззат Ибрагимова.

Егер құжаттар қосымша өңдеуге жолданбаса, онда операциялық департаментте тағы 1,5-2 жұмыс күні кетеді.

Операциялық департамент келісім бергеннен кейін процесс соңында төлем жолданады. Бұл әдетте тағы бір жұмыс күні.

"Егер сіз мінсіз клиент болып, сіздің өтініміңізді бірде-бір рет кері қайтармаса, онда 7,5-8 жұмыс күні немесе 10 күнтізбелік күн ішінде сізге БЖЗҚ-дан төлем жасалады. Банк пен клиент тарапынан бірқатар қиындықтар бола тұра, жалпы 76 654 адам осы жолды бізбен бірге жүріп өтті", - деп қорытты "Отбасы банк" басқарма төрағасы.

Ол, сондай-ақ, жеке тұрғын үй құрылысына арналған жинақты алу бойынша процесс ұзақ жүретінін айтты. Себебі қажетті құжаттар тізімі көбірек. Ұсынылған кестеге сәйкес, емдеу шараларына арналған құжатты өңдеуге шамамен 43 сағат, ипотекасыз баспана алуға – 37 сағат кетеді. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған зейнетақы жинағын алу үшін тиісті құжаттарды тексеруге шамамен 78 сағат жұмсалады.

Фото: Ⓒ Ratel.kz / Сергей Перхальский.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай