Бүгін парламенттің тағы тоғыз депутаты сайланады

2065 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 11 Янв 2021, 10:15

Кеше мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтті, ал бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтеді

11 қаңтарда Қазақстан халқы ассамблеясынан мәжіліске сайланатын 9 депутат анықталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ассамблея депутаттары қалай сайланады?

Читайте также
Әлеуметтік желіде танымал болған шопан бала ұсталды

Бүгінде парламенттің төменгі палатасында 107 мандат бар. Олардың ішінде 97 депутат партиялық тізіммен сайланады. Халық оларға кешегі сайлауда дауыс берді. Енді, Қазақстан халқы ассамблеясының атынан сайланатын тағы 9 депутат анықталады. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы осы ұйым ұсынған кандидаттардың тізімін тіркеуге алған болатын. Олар:

  • ҚХА-дан сайланған, мәжілістің VІ шақырылымының депутаты Сауытбек Әбдірахманов;
  • Батыс Қазақстан облыстық "Масис" армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аветик Амирханян;
  • Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе ауылдық округінің әкімі Ильяс Буларов;
  • "Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебі" КММ директоры Наталья Дементьева;
  • "Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы" ЗТБ төрағасы Юрий Ли;
  • "Барбанг" күрдтер қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Вакиль Набиев;
  • "Қазақстан татар және башқұрттар конгресі" республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Шамиль Осин;
  • "ЖетісуОблГаз" ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов;
  • "Әзербайжандықтар қауымдастығы" республикалық қоғамдық  бірлестігінің төрағасы Абилфас Хамедов.

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтеді. Егер Ассамблея мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, онда сессия шешімі қабылданды. Қазіргі кезде осы ұйымға 504 адам мүше. Олардың әрбіреуі жеке дауыс береді. Ассамблея мүшелерінің 50 пайыздан астам дауысын жинаған кандидаттар мәжіліске өтеді.

Читайте также
Біле жүріңіз: дәрігерлер коронавирустың жаңа симптомын атады

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы қалай өтті?

10 қаңтарда республика бойынша мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтті. Осы жолы екі шараны бір уақытта өткізуге шешім қабылданды. Себебі екеуінің сайлау процесі ұқсас және заңға қайшы келмейді. Осыған байланысты дауыс беруге келген сайлаушыға бірнеше бюллетень берілді. Мәселен, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада әрбір сайлаушы екі бюллетень алды. Біреуі мәжіліске партиялық тізім бойынша сайланатын депутат таңдауға арналса, екіншісі мәслихатқа өтетін нақты бір партияға дауыс беруді көздейді.

Ал басқа қалалар мен аудандарда дауыс беретін азаматтарға үш бюллетень берілді.  Біреуі – мәжіліс, екіншісі – облыстық мәслихат, ал үшінші бюллетень қалалық немесе аудандық мәслихат депутаттарын партиялық тізіммен таңдауға арналған. Осылайша, үш бюллетень бөлек саналып, нәтижесі де бөлек шығарылады.

Халық бес партияға дауыс берді. Олар:

  • Nur Otan;
  • "Ақ жол" партиясы;
  • Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы Коммунистер партиясы);
  • "Ауыл" партиясы;
  • "Адал" партиясы (бұрынғы "Бірлік" партиясы).

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, 216 мәслихатқа 3 276 депутат сайланады. Соның ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен астананың мәслихаттары (589 мандат), 36 облыстық мәслихаттар (596) және 163 аудандық мәслихаттар (2 091 мандат) бар. Ал мәжіліске 107 депутат сайланады.

Фото: Sputnik / Владислав Воднев.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В ВКО для успешного проведения посевной кампании предусмотрено 4,1 млрд тенге субсидий