Bek Air жолаушыларға билет ақшасын қайтаратын болды

2375 просмотров
0
Ратель
Четверг, 18 Июн 2020, 12:15

Төрт айға созылған дауда комитет шағымы қанағаттандырылып, Bek Air зардап шеккен жолаушыларға 54 миллион теңге төлеуге міндетелді

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Bek Air жолынан қалдырған жолаушыларға 54 миллион теңгеден астам билет құнын төлеп беретін болды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Алматы соты осындай шешім шығарды. Одан бөлек, қосымша шығындар үшін деп тағы 16 миллион теңгеден астам қаражат төлеуі керек.
Былтыр желтоқсанда болған ұшақ апатынан кейін әуе компаниясының қызметі тоқтатылған еді. Ал билет алып қойған жолаушылар жолынан қалып, оның үстіне, билет құнын да қайтара алмай қалған. Бірақ Bek Air-дің әлі де басынан дау арылмайтын сияқты. Себебі, сотқа шағым түсіріп үлгермеген жолаушылар да бар.

Читайте также
Баспана алу тәртібі қалай өзгерді: "сатылы жүйенің" ерекшелігі қандай?

Bek Air-ден ақшасын қайтара алмай сенделгендердің бір тобы құжатын құшақтап астанада да жүр. Жыл басында сатып алған билеттерінің түбіртегі әлі қолдарында. Ал бүкіл ел көлеміндегі жолынан қалған жолаушылар әр қалада әлеуметтік желілерден чат ашып тастаған. Әрқайсысының ішінде отырғандар жүздеп саналады. Былтыр желтоқсандағы ұшақ апатынан кейін барлығы да ұша алмай, содан бері билет құнын қайтара алмай жүргендер.

"13 қаңтар күні маған хабарлама келді, рейс ұшпайды, ұша алмайсыз деп. Содан кейін "Авиатаға" телефон соқтым. Олар "жақсы, билет қайтарылады, 3 күннен 1 айға дейін күтіңіз" деді. Мен күттім. Бір айдан кейін звондағанда Bek Air билет ақшасын қайтармағандықтан, бұл іске "Авиата" жауап бермейтінін айтты", - дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Еркегүл АМАНГЕЛДІ.

Ақшасын қайтара алмағандардың орынды сұрағы бар. Олардың айтуынша, заң бойынша мұндай компаниялар өз қызметтерін сақтандырып отыруы керек. Неге солар арқылы сан соғып қалған жолаушылардың шығынын төлеп бермейді деп күйінеді Нұр-Сұлтан қаласының тағы бір тұрғыны.

"Әуе тасымалдаушылары өз қызметін сақтандырып отыруға міндетті. Bek Air да сақтандырылған болуы керек. Енді неге сол сақтандыру компаниясының ақшасымен біздің мәселемізді шешіп тастамайды. Ары қарай кім кінәлі екенін өздері асықпай қарай берсін", - дейді Нұрқанат АБАТОВ.

Бұл сұрақ та жабулы қазан күйінде қалып тұр. Бұлар билет құнын даулап жүргенде, сол апатқа ұшыраған ұшақтың ішінен аман қалған жолаушылардың өзіне әлі күнге билет құны төленбеген. Көрер жарығы таусылмаған Надежда КАРНАЕВАНЫҢ бүгінде денсаулығы нашар.

"Соққыдан жарақат алдым. Сөйтсем, омыртқам орнынан жылжып кетіпті. Оны УЗИ жасатып білдік. Әйтеуір ажырап кетпеген, тек едәуір жарақат екен. Содан кейін кекештеніп қалдым. Тіпті екі апта бойы жарытып сөйлей алмай жүргенім бар", - дейді ол.

Читайте также
Қазақстанның халық саны 18 млн 700 мыңнан асты

Осы апаттан кейін тұтынушылар құқығын қорғау комитеті әуе компаниясын сотқа берген еді. Төрт айға созылған дауда комитеттің шағымы қанағаттандырылып, Bek Air зардап шеккен жолаушыларына 54 миллион теңге төлеуге міндетелді.

Айта кетейік, Bek Air әуе компаниясына тиесілі "Фоккер-100" ұшағы 27-желтоқсанда Алматы іргесінде таңғы сағат 7-ден 21 минут өткенде апатқа ұшыраған еді. Ұшақта барлығы 98 адам болған, оның 9-ы кішкентай бала. Апаттан 12 адам қаза тапты.

Іс соңына жетіп, ақшасы қайтарылатын 900-ден астам жолаушының бүгінде көңілі тоқ. Дегенмен жолы болмаған жолаушылардың арасындаәлі де тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне өтініш беріп үлгермегендер бар. Сондықтан әуе компаниясына қатысты сот ісінің бұл соңы емес сияқты. Олар енді тиісті қаражатын компаниядан азаматтық іс арқылы өз бетінше өндіріп алуы керек.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
LRT, Халық Кеңесі, саммит ОТГ и громкие уголовные дела: главные новости недели
Ratel.kz собрал самые заметные события с 11 по 16 мая - от политических законопроектов и запуска столичного LRT до задержаний, коррупционных расследований и судебных решений
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай