"Бала ана тілінде тәрбие алуы керек": Аймағамбетов ауқымды өзгеріс болатынын мәлімдеді

2035 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 06 Сен 2020, 11:00

Министр мемлекеттік тіл саясаты балабақшадан бастап университетке дейін дұрыс жолға қойылуы тиіс деген пікірде

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында ведомствоның қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты қолға алған жұмыстарына тоқталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Читайте также
"ҚазТрансГазАймақ" Шымкент тұрғындарына 166 млн теңгені қайтарып береді

Оның айтуынша, министрлік білім беру мекемелерінде қазақ тілін оқытуға қатысты ауқымды өзгерістер енгізіп жатыр.

"Атап айтқанда, енді балабақшаларда ағылшын тілі міндетті пән ретінде оқытылмайды. Бала жастайынан өз ана тілінде тәрбие алуы керек. Осы тұста, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында: "Мектептердің бастауыш сыныптарында қазақ тіліне басымдық берілгені дұрыс" деген ұсынысы біздің жұмысымызда қолданылады", - деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Бұдан бөлек, қазақ тілінің бағдарламасы да өзгертілмек. Алдағы уақытта грамматиканы оқытуға бөлінетін сағат саны артады.

"Оқушының дұрыс жазуы мен сөйлеуі үшін, ойын тиянақты және сауатты жеткізудегі грамматиканың орны ерекше. Бұл тұста біз тағы да Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріне жүгінеміз. Өздеріңізге белгілі, "Әліппені" мемелеттік стандартқа енгіздік, оның бағдарламасы да дайындалды, оқулық дайындалып апробацияға кіріп, келер оқу жылынан бастап бірінші сыныптарға Ана тілімен бірге қайта енгіземіз", - дейді министр.

Ол қазақ фонетикасын жетік меңгерген ғалым Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған методика бойынша дайындалып жатыр. Отандық ғалымдар мен баспагерлер қазір осы бағытта жұмыс жүргізуде. Жақында Әліппенің жобалық нұсқасы қоғаммен бірге талқыланады.

Читайте также
Ұлттық банк 8%-пен кредит беретін бағдарлама туралы айтты

Сонымен қатар мектепте қазақ әдебиетін оқыту әдісі қайта қарастырылады. Бұл мәселе бойынша мемлекет басшысының тапсырмасы бар, деп атап өтті білім министрі.

"Әдебиетші ғалымдардың, білікті ұстаздардың, осы сала мамандарының басын қосатын арнайы комиссия құрылып, қазақ әдебиетінің мектепте оқыту әдіснамасы, бағдарламасы мен оқулығы қайта пысықталмақ", - деп толықтырды Аймағамбетов.

Әдебиет пәні аясында оқытылатын шығармалар оқушының жас ерекшелігіне қарай, жанр, кезең, сюжеттік желісінің алуандығы тұрғысынан іріктеліп, отандық классиктердің еңбектері ерекше назарға алынады.

Оның айтуынша, министрлік әркез қазақ тілі мен әдебиетінің дамуын басты назарда ұстайды.  

Алдағы уақытта білім министрлігіне бұрынғыдан екі есе үлкен жауапкершілік жүктелмек. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, келер жылдан бастап тіл комитеті білім және ғылым министрлігінің құрамына кіреді. Министрлік тәрбие мен білімді, ғылымды дамытумен қатар тіл саясатын да жүргізеді.

"Мемлекеттік тіл саясаты балабақшадан бастап университетке дейін дұрыс жолға қойылу керек", - деп түйіндеді министр.

Фото: Sputnik / Владислав Воднев.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай