Байқоңырға қаруланған адамдар кірмек болды

2923 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 07 Мар 2021, 12:00

Үш ер адам бейнебақылау камерасына түсіп қалғаннан кейін ұсталды, олардан тапанша мен шолақ мылтықтар табылды

Байқоңырда қару-жарақ пен оқ-дәріні заңсыз сақтаған күдіктілер ұсталды. Қалалық әкімшіліктің қауіпсіздік және режим басқармасының ақпаратынша, полиция қалаға кірмек болған қаруланған топтың жолын кесті.

Читайте также
Қазақстанда алғаш компьютерлік ҰБТ-ға тіркелу басталды

"Байқоңыр" кешеніндегі Ресей ІІМБ кезекшілік бөліміне "БайконурСвязьИнформ" МУК бейнебақылау бөлімінің технигінен хабарлама түсті. Мониторинг барысында Ақай ауылдық округі жағынан қару-жараққа ұқсас заты бар бір топ адам көрінген,- деді Sputnik Қазақстанға қауіпсіздік және режим басқармасынан. - Қалаға кірген адамдар жетінші шағын ауданына қарай бет алған, автокөлікке отырып, белгісіз бағытта кетіп қалған".

Полиция жедел іздестіру шараларын бастады, автокөлік те, видеоға түсіп қалған үш азамат та табылды.

"Ұсталғандардан 4 патрон және тегіс ұңғылы шолақ мылтық тәркіленді. Сонымен қатар, автокөлік жанынан қосауыз шолақ мылтық, маркасы белгісіз травматикалық тапанша мен 5 оқ табылды", - деді басқармадан.

Қаруланған топтан тәркіленген оқ-дәрі атуға арналған.

Ресей ІІМБ анықтау бөлімі Ресей Қылмыстық кодексінің 222-бабында (Қаруды, оның негізгі бөліктері мен оқ-дәріні заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе өзімен бірге ұстау) көзделген қымыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұл бап бойынша 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, деп мәлімдеді басқармадан.

Еске салсақ, Ресей Қазақстаннан Байқоңырды 2050 жылға дейін жалға алған.

Фото: topnews.ru.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В Астане школьники самостоятельно вывели цыплят из инкубатора