Еске салсақ, Азия ойындарында су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Таиландты жеңді
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында велотректен Қазақстан құрамасы қоржынына қола медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ел құрамасы сапынан Мэдисон бағдарламасының финалында жарыс жолына шыққан Артем Захаров пен Рамис Дінмұхаметов жұбы 37 ұпай жинады. Олар тек Жапония мен Оңтүстік Корея велошабандоздарынан қалып кетті.
Бұл бағдарламада спортшылар 200 айналым жасады. Жалпы ұзындығы - 50 шақырым.
Қазір ел құрамасы еншісінде бірқатар спорт түрлерінен 26 медаль (3 алтын, 4 күміс, 19 қола) бар. Медальдар кестесінде 11-орында тұр.
Еске салсақ, Азия ойындарында су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Таиландты жеңді.
Сондай-ақ, Қазақстан әйелдер құрамасы көгалдағы хоккейден алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Фото: olympic.kz.