Қазақстандықтарға арнайы қордан бір миллион теңге беріледі - талабы қандай

1927 просмотров
0
Ратель
Четверг, 16 Июл 2020, 15:20

Алименттерді төлеу үшін арнайы құрылған қорда қажетті қаражат жиналған соң осындай мүмкіндік беріледі. Қазір қорға ақша жинау кезеңі жүріп жатыр

Қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар алимент бойынша қарызын төлеу үшін бір миллион теңге мөлшерінде қаражат ала алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Әділет министрі Марат БЕКЕТАЕВТЫҢ айтуынша, ол үшін арнайы қор құрылды. Бюджет жеке сот орындаушыларының республикалық палата мүшелері жарнасы және ерікті түрде қайырымдылық жасау есебінен жиналады.

Читайте также
Кей санаттағы азаматтарға 42 500 теңге өтінім бермей-ақ, бірден тағайындалады

"Қазір қордың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қаражат жинау кезеңі жүріп жатыр. Ақшаны бөлмес бұрын жинау керек. Бір реттік төлемдер бойынша шектеулер болады. Бір тұлғаға берілетін бір реттік төлем бір миллион теңге болады деп болжануда. Алайда нақты қанша қаражат берілетіні қорға ақша жинау кезеңі аяқталған соң белгілі болады", - деді әділет министрі.

Министр қордың көмегіне кез келген адам жүгіне алмайтынын атап өтті. Қарыз беру туралы шешімді арнайы комиссия қабылдайтын болады.

Айта кетсек, алимент төлеуге арналған мамандандырылған қор құру туралы шешім 21 қарашада жеке сот орындаушыларының кезектен тыс съезінде қабылданды.

Бұл қор қиын кезеңге тап болған, жұмысынан айырылған немесе ауырып қалған алимент төлеушілерге көмектеседі.

Әділет министрлігі ұсынған механизмге сәйкес, алимент төлейтін қазақстандықтар қаржылық қиындық кезінде қордан қаражат алатын болады. Кейін олар алған қаражатты қорға қайтаруға міндетті.

Фото: 24.kz.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Заседания по профилактике правонарушений и противодействию коррупции прошло в Алматинской области