Қазақстандық QazVac вакцинасы бірінші кімдерге салынады

1808 просмотров
0
Ратель
Пятница, 23 Апр 2021, 17:15

Медицина қызметкерлері, педагогтер, полицейлердің арасында қазақстандық вакцинаны алғысы келгендер болса, оларға бірінші салынады

Қазақстанда QazVac вакцинасын егу кезінде дәрігерлер, мұғалімдер мен полицейлерге басымдық беріледі. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, отандық QazVac-пен вакциналау кезінде тәуекел топтарына басымдық беріледі.

Читайте также
Қасым-Жомарт Тоқаев Тоқаев отандық вакцина өңірлерге жеткізіле бастағанын хабарлады

"Спутник V" пайда болған кезде, ең алдымен тәуекел тобына егілді: медицина қызметкерлері, педагогтер, полицейлер. Егер осы топтардың арасында қазақстандық вакцинаны алғысы келгендер болса, оларға бірінші салынады. Одан кейін вакцинаның қолжетімділігін ескеріп, кез келген адам салдыра алады. Бүгінде қазақстандықтарда таңдау бар: "Спутник V" немесе QazVac-ты салғыза алады", - деді ол баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, Қазақстан өңірлеріне отандық QazVac вакцинасы жеткізіле бастады.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия QazVac препаратымен вакциналау 26 сәуірде басталатынын хабарлады.

Бүгінде QazVac вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы өндірілді, мамырда тағы 50 мың доза көлемінде шығарылады.

Фото: primeminister.kz.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Как 3D-технологии меняют производство в Караганде