Қостанайда "Арқалык хабары" деген газет жаңа әліпбимен жарық көрді
Қостанай облысында шығатын «Арқалық хабары» басылымының бүгінгі нөмірі жаңа әліпбимен жарық көрді. Бұл туралы жаңалықты «Рухани жаңғыру. Қостанай облысының жобалық офисі» парақшасын жүргізуші Динара ҚАРЫМСАҚОВА өзінің Facebook парақшасында жариялады.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа әліпбиді қабылдау туралы президенттің жарлығы шығысымен, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ "Жылдар мен ойлар" кітабы латын әліпбиінде жарық көрген еді.
Фото: Facebook.com.