
Бұл жөнінде Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшілігі мәлімет таратты
Қазақстандық хоккейші қыз Бұлбұл Қартанбаева Америкада 13-14 жасар қыздардан құралған хоккей клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жөнінде Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшілігі мәлімет таратты.
"Қазақстандық Бұлбұл Қартанбаеваны құттықтаймыз. Бүгін ол Американың Нью-Джерси штатындағы Princeton Tiger Lilies хоккей клубының бас бапкері қызметіне кірісті" деп жазды елшілік Instagram парақшасында.
Бұлбұл Қартанбаева - NWHL әйелдер лигасының тарихындағы бірінші қазақстандық спортшы.
Ол өткен жылы америкалық "Метрополитен Риветерс" клубымен келісімшартқа отырған болатын.