Қатар, Түркия және Түрікменстан басшылары Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

1473 просмотров
0
Ратель
Пятница, 07 Окт 2022, 12:00

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы аптада бірқатар халықаралық іс-шараға қатысады

11-12 қазанда Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Танидың Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Читайте также
Amanat партиясы президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды

12-13 қазанда Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған елімізге мемлекеттік сапармен келеді.

13 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Шара аясында президент мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.

14 қазанда елордамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесі және "Орталық Азия – Ресей" саммиті жоспарланған.

15 қазанда Қазақстанға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.