
Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толған мерейтой Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр
Бұл туралы ҚР президенті Қасым-Жомарт Tоқаев Тwitter-дегі парақшасында жазды.
"Бүгін – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі. Оның сырлы сезімге толы жырлары қалың оқырманның жүрегінен орын алды. Ақын мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін қазақтың ақиық ақыны Мұқағали (Мұхамедқали) Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына тура 90 жыл толғанын жазған едік.
Фото: astana.gov.kz.