«Асыл арна» жабылып «Халық арна» ашылады – ҚМДБ

2289 просмотров
0
Ратель
Суббота, 07 Ноя 2020, 14:15

Елімізде бір ғана діни арна жұмыс жүргізуі және ол мүфтияттың иелігінде болуы құптарлық іс

Читайте также
Алматы облысының ауруханаларында пандемияның екінші толқынына 5 280 орын әзірленді

«Халық арна» ашылғандықтан, «Асыл арна» телеарнасы жабылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚМДБ төрағасының орынбасары Ершат ОҢҒАРОВ айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биыл 3 қарашада мүфтияттың төл арнасы «Халық арнаның» ашылғанын зор қуанышпен жеткіземін. Діни басқарманың төл арнасын ашу жыл басынан бері қолға алынып келе жатқан іс. Осы бағытта бірқатар жұмыс істелген болатын. «Халық арнаның» мүфтияттың 30 жылдығы қарсаңында ашылуының да мәні бар. Қазіргі уақытта муфтияттың медиа саласындағы әлеуеті жылдан жылға жетіліп келеді. 30 жыл мерзім ішінде «Иман» журналы және «Мұнара» газеті оқырманға жол тартты. Бүгінде ҚМДБ-на қарасты 21 сайт жұмыс істейді. Мүфтият жанынан ашылған «Хикмет» теле-радио студиясы бар. Діни, рухани бағыттағы аудио, видео бөлімдерін жамағатқа 10 жылдан бері ұсынып келеді. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы халықтң өтінішімен мүфтияттың медиа саласындағы әлеуетін ескере келе «Халық арна» телеарнасын ашу туралы шешім қабылдады. Қазіргі таңда «Халық арна» өз жұмысын жүргізіп жатыр. Жеке ғимарат, материалдық-техникалық қажеттілікпен жабдықталған. Арна «ОтауТВ» және ІD цифрлық телеарнасы арқылы еліміздің түкпір-түкпіріне таратылып отыр. телеарнаның бас директоры Нұржан Дарқұлов мырза тағайындалды. Ол өз мамандығының білгірі», - ҚМДБ төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров.

Оның айтуынша, елімізде бір ғана діни арна жұмыс жүргізуі және ол мүфтияттың иелігінде болуы құптарлық іс екенін айтты.

«Осы ретті «Халық арна» ашылғандықтан «Асыл арна» телеарнасының жабылатынын жеткізгім келеді. Бұл туралы «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхаметжан Тазабеков ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің отырысына келіп мәлімдеді. Тірнектеп жинаған контенттік архивін «Халық арнаға» толық тапсыратынын айтты. «Халық арна» тек діни мазмұндағы телебағдарламалармен шектелмейді. Біз эфир бағытын ислам ислам дінінің дұрыс танымын жеткізу, асыл құндылықтарын дәріптеумен қатар тарихи тағылымдық жағына қазақы салт-дәстүрге басымдық береміз. Эфирді сапалы контентпен толтыру оңай емес. Сол үшін арнайы жобалар мен көрерменнің оынан шығатын бағдарламалар дайындалу барысында», - дейді ол.

Фото: mazhab.kz

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай