Ақмола облысында кәсіпорын директоры шенеунікке пара ұсынған

1835 просмотров
0
Ратель
Пятница, 04 Сен 2020, 11:40

Онлайн кездесуге қатысушылар ҚР Қылмыстық-процестік кодексі 200-бабының негізінде бұрын қозғалған қылмыстық іс бойынша ұсынымды қарады

Ақмола облысында кәсіпорын директоры шенеунікке пара ұсынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне сілтеме жасап.

Читайте также
Ұлттық банк 8%-пен кредит беретін бағдарлама туралы айтты

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде бейнеконференция арқылы Көкшетау қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімінің өкілдерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюды талқылау бойынша кездесу өтті.

Онлайн кездесуге қатысушылар ҚР Қылмыстық-процестік кодексі 200-бабының негізінде бұрын қозғалған қылмыстық іс бойынша ұсынымды қарады.

Атап айтқанда, сотқа дейінгі тергеу барысында ұйымның бірінің директоры эскиздік жобаны келіскені үшін қалалық Сәулет және қала құрылысы бөлімінің лауазымды тұлғасына ақшалай сыйақы ұсынғаны анықталды, алайда мемлекеттік қызметші бас тартты. Дегенмен, Бөлім қызметкері заңнаманы бұза отырып, осы факті туралы басшысына тиісті түрде хабарламаған.

"Мемлекеттік орган басшылығы тарапынан бағынысты қызметкерлерге тиісті бақылаудың болмауы және қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін орындауға немқұрайлы қарау құқық бұзушылық жасауға ықпал етті. Алдағы уақытта мұндай фактілерге жол бермеу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жоспарлау және өткізу кезінде формализмді жою, мекеме қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу туралы түсіндіру жұмысын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы жүргізу, сондай-ақ қызмет көрсету кезінде азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің тікелей байланысын жоюды көздеу ұсынылды", делінген хабарламада.

Читайте также
Бизнес үшін салық пен төлем саны барынша азайтылады

Бұдан басқа, енгізілген ұсыныс шеңберінде аталған құқық бұзушылық үшін осы лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

"Нысандардың құрылысы мен қайта жаңартылуының тиісті сапасын қамтамасыз ету құрылыс салушы тарапынан да, мемлекеттік мекемелер тарапынан да өз жұмысын адал орындауды көздейді. Алайда, құрылыстың әрбір кезеңінде қылмыстық схемалар мен сөз байласу арқылы сыбайлас жемқорлық әрекетін жасау үшін тәуекелдер туындайды. Осы орайда, құрылыс салу туралы шешім қабылданған сәттен бастап дайын объектіні эскплуатацияға тапсырғанға дейінгі барынша ашықтықты қамтамасыз ету қажет", - деп атап өтті өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшылығы.

Фото: liter.kz.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан
«Стороны могли бы рассмотреть вариант заморозки боевых действий и возвращения к переговорам на основе “Стамбульской формулы 2.0”».
Траур в Киеве, возвращение сомалийских пиратов и оливковые черепахи
Мировые новости: обзор СМИ
Суд поставил точку в деле бывшего главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой
Миллионы через ИП и зарплаты наличными
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Поствыборный экзамен для партий: Виталий Колточник — о том, что показали съезды
О перезагрузке партийной системы Казахстана, феномене «семипартийности» и завершении эпохи партий одного человека
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай