15 ақпанда 1987 жылы туған ДАВУТОВ ЛА-155/18 мекемесінен қашты.
Алматының полиция департаменті қылмыстық кодекстің 426-бабына сәйкес ("бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу") сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл бап бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығы қатысуымен қызметтік тексеріс тағайындалды. Тексеріс қорытындысы бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты тиісті шара қолданылады.