Алматыда карантин талаптары жеңілдетілді

1708 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 22 Ноя 2021, 11:15

22 қарашадағы жағдай бойынша Алматы коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта тұр

Алматыда карантин талаптары жеңілдетілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы 14 қарашада "жасыл" аймаққа өтті. Алайда елдің бас санитар дәрігерінің №42 қаулысына сәйкес, өңір "жасыл" аймаққа өткеннен кейін ең кемі 7 күн "сары" аймақ талаптары бойынша жұмыс істеуі қажет.

Читайте также
Қазақстан мен Өзбекстан әскерлерінің өзара іс-қимылы "Hamkorlik-2021" оқу-жаттығуында пысықталады

22 қарашадағы жағдай бойынша Алматы коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта тұр. Бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада 22 қарашадан бастап "жасыл" аймақ талаптары енгізілетінін мәлімдеді.

"Алматыда өткен тәулікте 129 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді. Бір апта ішінде 936 жағдай тіркелді. Қалада белсенді түрде вакциналау жұмысының арқасында осындай көрсеткішке жеттік. Әрі қарай қаладағы эпидемиологиялық ахуал жақсарса, қала "жасыл" аймақ талаптарына көшеді", - деп мәлімдеді Бекшин.

Соңғы тәулікте қалада Алматыда 127 адамнан коронавирус анықталды.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, "жасыл" аймақ талаптарына сәйкес Ashyq қосымшасына тіркелген кәсіпорын немесе ұйымдар түнгі сағат үшке дейін жұмыс істей алады.

Ashyq жүйесіндегі көшбасшылар таңғы 5-ке дейін жұмыс істейді. Егер жекелей алғанда қоғамдық тамақтану орындарында қонақтар саны артады. Егер "сары" аймақта 60%-ке дейін рұқсат берілсе, "жасыл" аймақта орындар 70%-ке дейін артады. Ал фудкордтарда "сары" аймақта 20% рұқсат берілсе, "жасыл" аймақта 30%-ке артады.

Банкет залдарында "сары" аймақта 30% болса, "жасыл" аймақта 50%-ке дейін артады. Ал орын саны 60-тан 70-ке ұлғаяды.

Читайте также
Ақтау әуежайының қызметкерлері ұрлық үстінде ұсталды

"Театр мен кинотеатрларда "сары" аймақта 40% рұқсат етілсе, "жасыл" аймақта 50%-ке арттыру жоспарланған. Караокеде орын саны 50-ден 60-қа артады", - деді қаланың бас санитар дәрігері.

Сонымен қатар адамдар көп жиналатын конференция, форумдар, ойын-сауық және өзге де іс-шараларда қонақтар саны 100 адамнан аспауы қажет. Бұл "сары" аймаққа қарағанда 30 орынға артық.

Көрмелерге бір уақытта келетін адам саны 300-ден 500 адамға дейін ұлғайтылды. Ашық ауада марафондарға қатысушылар саны 800-ден 1000 адамға дейін артты.

Көрермендермен спорттық іс-шаралар-толымдылығы 80%-тен аспай өткізуге болады.

Діни объектілерге кіргізі 30%-тен 50%-ке дейін ұлғайтылды.

Фото: informburo.kz.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай