
Жұмысы жоқ азаматтарға Жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады
Бүгін Алматыда онлайн брифинг барысында қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр ӘЛКЕБАЙҰЛЫ 42500 теңге алудың тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, жұмыс берушілер жұмыскерлерінің мына құжаттарын енгізуі керек:
- жалақысы сақталмаған демалысқа кеткен жұмыскерлер тізімі (Аты-жөні, ЖСН, демалыстың басталған уақыты, шоттары (банк, шот нөмірі, жұмыскердің телефон нөмірі).
Жеке кәсіпкерлер, бірыңғай жинақтық төлем төлейтін тұлғалар:
- өтініш, Аты-жөні, ЖСН, банк, банк шоты, мекенжайы, телефон, е-майл көрсетуі тиіс.
Өтініште міндетті түрде телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.
"Жұмыс беруші осы талаптарды орындамаған жағдайда жұмыскер еңбек инспекциясына шағымдана алады. Азаматтар 1 қыркүйекке дейін өтінім бере алады.
Өтініштерді:
1) "Электронды үкімет" веб порталы;
2) Enbek.kz порталы;
3) telegram-bot, 42500.enbek.kz порталының aitu-bot арқылы;
4) ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы;
5) бірыңғай жинақтық төлем төлейтін жекетұлғаларға проактивті форматта өткізуге болады.
Жұмысы жоқ азаматтарға Жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады", - деді Д.Әлкебайұлы.
Фото: Ⓒ Ratel.kz / Сергей Перхальский.