"Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып отандық QAZVAC вакцинасы мен коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырды. Ведомство басшысының вакцина салдыру сәті Хабар24 телеарнасы мен министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 26 сәуірде Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында шығарылған және аймақтар бойынша 50 мың доза мөлшерінде таратылаған қазақстандық QazCovid-in вакцинасын салдыру басталды (QAZVAC), деп хабарлайды Sputnik.