Алдағы аптада банктер жеңілдетілген автонесие беруді бастайды

2370 просмотров
0
Ратель
Пятница, 13 Мая 2022, 17:00

Осыған дейін несиелеуді жүргізген бес банк бұл жұмыстарға жұмылдырылмақ

16 мамырда банктер жеңілдетілген автонесиеге өтінімді қабылдауды бастайды. Бұл туралы ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Қазақстанда баспана сатып алушылар саны азайды

"Кешеден бері банктер өздерінің корпоративті рәсімдерін, директорлар кеңесінің отырыстарын өткізіп жатыр. Өнеркәсіпті дамыту қоры олармен барлық қажет келісімдерді бекітті. Енді олар тиісті рәсімдердени кейін дүйсенбіден несиені бере бастайды. Берген уәделеріне қарағанда, барлық жұмыстар дүйсенбі күні іске асырылады", - деді Р. Скляр елордада мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған форумда тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның сөзіне қарағанда, осыған дейін несиелеуді жүргізген бес банк бұл жұмыстарға жұмылдырылмақ.

"Атап айтқанда, несие беру бағдарламасы қазіргі кезде де жұмыс істеп тұр. Револьверлік негізде 88 млрд теңге бар және бұл қаражат айналымда. Бұл бағдарлама бойынша соңғы бес жыл бойы тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы орайда "ӨКМ Операторынан" аударылатын 100 млрд теңгені қосамыз", - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев автонесие шарттары бекітілгенін айтқан еді.

Жеңіл автомобильдерді сатып алуға несие беру келесі шарттар бойынша жүзеге асырылады:

  • сыйақы мөлшерлемесі ­– 4%;
  • несиелендіру сомасы – 10 млн теңгеден артық емес;
  • қаржыландыру мерзімі – 7 жылдан артық емес;
  • бастапқы жарна – 0 %-дан бастап;
  • көлік құралының құны – 15 млн теңгеден аспайды.

Автонесиені екінші деңгейдегі банктер беретін болады.

Коллаж: © Ratel.kz / Сергей Перхальский, Малик Кумарбеков.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай