Аяжан Еділованың өлімі: желіде тараған күдіктіге қатысты ақпарат расталмады

3496 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 29 Мар 2021, 14:30

Күдіктінің тұрғылықты жерінен жәбірленуші Аяжан Еділованың заттары ғана табылды

Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділованы қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінген Түркістан облысының тұрғыны аураханадан шығарылды. Полиция оның үйіне барған кезде күдікті өзін өлтірмек болған. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды. Сол жерде тергеу аяқталғанша болады.

Читайте также
БЖЗҚ-дан ақшаны мерзімінен бұрын алуға қанша уақыт кетеді

28 жастағы күдікті өзін өлтірмек болып, жарақат алған болатын. Алматы қаласы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол сауығып жатыр. Сол себепті тергеу кезінде тергеу изоляторына ауыстырылды. Бұған дейін оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған болатын.

Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігінің құқық қорғау органдарындағы дереккөзі қазір іспен арнайы прокурорлар айналысып жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар ол күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар деген қауесетті жоққа шығарды.

"Күдіктінің тұрғылықты жерінен жәбірленуші Аяжан Еділованың заттары ғана табылды. Ол жерде басқа қыздардың құжаты мен заттары болған жоқ. Кейінгі күндері әлеуметтік желіде жарияланып жатқан жаппай кісі өлтіру бойынша ақпарат – жалған мәлімет", - деді дереккөз.

Айта кетейік, 19 жастағы Аяжан Еділова 19 наурызда жоғалып кетті. Оны соңғы рет жұмыста көрген. Қызды іздеу бірнеше күнге созылды. Оның көз жұмғаны 22 наурызда белгілі болды.

Іс бойынша күдікті – Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны ұсталған сәтте өзін өлтіруге тырысты. Алайда дәрігерлер оны құтқарып қалды.

Егер ұсталған адамның кінәсі дәлелденсе, ол 15 жылдан 20 жылға дейін сотталуы немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Скрин: 31 канал.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Определён состав национальной сборной Казахстана на XIV зимние Паралимпийские игры Милан–Кортина-2026