1 мамырдан балалар спорт секцияларын жан басына қаржыландыру енгізіледі

1686 просмотров
0
Ратель
Вторник, 09 Мар 2021, 11:15

Премьер-министрдің айтуынша, барлық қызмет көрсетушілер біліктілік іріктеуінен өтеді

2021 жылдың 1 мамырынан балалар спорт секцияларын жан басына қаржыландыру енгізіледі. Бұл жайында мәжіліс депутаттарының сауалына орай ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Қазақстанда алғаш компьютерлік ҰБТ-ға тіркелу басталды

"Спортпен айналысу қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін осы жылдың 1 мамырынан балалар спорт секцияларын жан басына қаржыландыруды көздейтін мемлекеттік спорттық тапсырыс енгізіледі. Жаңа әдіс спорт секциялары тапшылығы проблемасын шешуге және жеке секторды тарту есебінен көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік спорттық тапсырыс 4 жастан бастап 17 жасқа дейінгі барлық балаға, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларға таралады", - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, мемлекет спорт секцияларына барумен байланысты шығындардың басым бөлігін өз мойнына алады. Ал ата-аналар қызмет көрсетушіні таңдау және оның қызметіне баға беру құқығына ие болады. Шығындар баланың тұрғылықты жерін, спорт түрін, қызмет көрсету әдісін және өзге де бірқатар факторды есере отырып бекітілген тарифпен төленеді.

"Мемлекеттік спорт тапсырысының операторы қызметі жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Әкімдіктер мемлекеттік спорттық тапсырыс орналастырып, қызмет көрсетушіні іріктеу, кезек қалыптастыру, қызметке төлем жасау және қаражаттың мақсатты түрде жаратылуына бақылау жасау жұмыстарын үйлестіреді. Жемқорлық тәуекелдерді төмендету үшін мемлекет, қызмет көрсетуші және ата-ана арасындағы өзара қарым-қатынас электронды форматта қалыптастырылады", - деді ол.

Премьер-министрдің айтуынша, барлық қызмет көрсетушілер біліктілік іріктеуінен өтеді.

"Іріктеудің басты критерийлерінің бірі - кәсіби спорттық нұсқаушының болуы. Қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. Биыл бұқаралық спортты, оның ішінде балалар секциясын қолдау үшін кәсіби спорт клубтарына арналған шығыстарды қысқарту нәтижесінде үнемделген 16 млрд теңгені қосымша бағыттау жоспарланған", - деді Асқар Мамин.

Фото: lada.kz.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай