16 балаға – 177 792 теңге: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері өзгерді

2635 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 22 Июн 2020, 12:40

Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 13 мамырында 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға арнайы жәрдемақы мөлшерін белгілеген заңға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Қазақстанда көпбалалы отбасыларға арналған жеке жәрдемақыны 400 мыңға жуық отбасы алды, деп хабарлайды "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ баспасөз қызметі.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда көпбалалы отбасыларға арналған жеке жәрдемақы енгізілді. Аталмыш жәрдемақы – төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасыларға арналған. Мемлекеттен берілетін көмектің мөлшері бала санына байланысты. Мәселен, төрт және жеті баласы бар отбасылар 44 448 теңгеден 77 784 теңгеге дейін ала алады. Бұл жәрдемақы елімізде 392 мың отбасына төленді.

Читайте также
"Мемлекет көмек береді": Тоқаев желіде жазба жариялады

Алайда, қолданыстағы ережелер жәрдемақы алушылардың белгілі бір санатының мүдделеріне нұқсан келтірді. Себебі, 16 баласы бар отбасы 7 баласы бар отбасы сияқты жердемақы мөлшерін алатын.

"Аталмыш олқылықты жою үшін Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 13 мамырында 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға арнайы жәрдемақы мөлшерін белгілеген заңға қол қойды. Сонымен, 8 балалы отбасы үшін жәрдемақы – 88 896 теңге, 9 балаға – 100 008 теңге, 10 балаға – 111 120 теңге, 11 балаға – 122 232 теңге, 12 балаға – 133 344 теңге, 13 балаға – 144 456 теңге, 14 балаға – 155 568 теңге, 15 балаға – 166 680 теңге, 16 балаға – 177 792 теңге мөлшерінде белгіленген".

Бүгінде ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінің шемімімен жәрдемақы мөлшерін ұлғайту бойынша 1092 істі бекітті.

Бала санының өзгеруіне байланысты, оның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім нысанының күндізгі бөлімінде оқитын (23 жасқа дейін) балаларды есепке ала отыра жәрдемақы мөлшері қайта есептеледі.

2020 жылғы 1 шілдеден бастап көпбалалы отбасылар мөлшері өзгертілген жәрдемақыны ала бастайды.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Казахстан масштабирует гидроэнергетику: до 2030 года планируется запуск новых ГЭС на 660 МВт