Әлі сол кедейшілік. Қаңтар тағы қайталануы мүмкін – депутат

1791 просмотров
0
Ратель
Вторник, 28 Мая 2024, 15:00

Біреу газды басса, екіншісі тежегішті басып отыр

Режиссер, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Еркін РАҚЫШЕВ Қазақстанның бүгінгі жағдайына кімдер кінәлі екенін айтты.

Депутаттың сөзінше, НАЗАРБАЕВТЫҢ байлығы 200 миллиард доллардан асып жығылады деген деректер бар, деп жазады Dalanews.kz.

Читайте также
Не болды екен? Назарбаевтың ресми сайты істемей қалды

"Біздің мемлекет жүйе дұрыс болмағанынан дамымады. Мүмкін басында Назарбаев дұрыс бастаған да шығар. "Ақша көріп періште жолдан таяды" дейді ғой. Мұның Назарбаевқа қатысы жоқ. Бұл ақша көрмеген ғой. Содан кейін ақшаны көрді де "ала берейін, ала берейін" деген.

Кейбір деректерге қарағанда, "Назарбаевтың 200 миллиард доллардан аса ақшасы бар" дейді. Кім экономиканы біледі, олар түсінеді. Одан көп болмаса, кем емес. Оны не істейді?! Ана жаққа алып кетпейді ғой. Іштарлық, тексіздік. Ата-бабалары байлықты, дәулетті көрген адамдардың ұрпағы олай жасамайды. Экономиканың бәрін бір отбасының, билікке жақын жүрген олигархтардың мүддесін қорғайтын қылып жасады. Нәтижесінде осындай тақыр кедей болып отырмыз. Қазба байлықтарымызға, жалпы байлықтарымызға қарағанда және халықтың санымен салыстырғанда әлемдегі ең бай мемлекеттің бірі біз болуымыз керек еді. Өкінішке орай, ең кедей мемлекеттердің арасындамыз.

Себебі біздің жүйе, экономика дұрыс емес. Бүгінгі экономиканы салыстырмалы түрде айтатын болсақ, жолсыз жермен қараңғыда жүріп келе жатқан көлікке ұқсайды. Ол машинаның не рөлі жоқ, не жарығы жоқ, бірақ жүргізуші екеу: біреу газды басса, екіншісі тежегішті басып отыр. Біздің бүгінгі экономиканы солай деуге болады. Арғы жағында жарқын болашақ бар ма? Жоқ. Мына түрімізбен жол апатына ұшыраймыз. Мемлекет болып қалуымыз екіталай. ...Бүгінгі халықаралық жағдайға, басқа да факторларға қарасақ, қазақ ұлтын жоюға бағытталған саясат жүріп жатыр", - деді Рақышев "Ашық подкастқа".

Еркін Рақышев. Фото: egemen.kz.

Еркін Рақышев Қаңтар оқиғасына ескі Қазақстанның қандай қатысы бар екенін де айтты.

Читайте также
Мәскеу князьдігі Жошы ұлысының арқасында құрылған — тарихшы

"Қаңтар газ қымбаттауына қатысты халықтың наразылығынан кейін шықты. Олар тек газға наразы емес, жалпы қымбатшылыққа, заңсыздыққа, кедейлікке, билікке деген қарсылығынан шықты. Жер-жерде халық көтеріліп, содан шықты. Бір кезде қолынан билік сусып кетіп бара жатқанын түсінген ескі Қазақстанның өкілдері мұны қалай да өздерінің адамдары иеленіп қалсын деп өздерінің адамдарын кіргізді. Арандатушылар бар, басқалар бар. Енді мынадай мәселе туындайды: Қаңтар қайталануы мүмкін бе? Егер Үкімет қаңтарда туындаған проблемаларды шешкенде, Қаңтар қайталанбайтын еді. Оның біреуі де шешілген жоқ қой. Сол кедейшілік. Сол қымбатшылық", - деді депутат.

Сонымен қатар, ол активтерді шетел асырғандарды, халықтың байлығына қол салғандарды түрмеге тоғыту керек деген пікірде.

"Халықты билікке сендіретін жол бар. Мен де Тоқаевқа сенер едім. Тоқаев халыққа бет бұрамын деп ұрланған ақшаларды қайтарамын деп, ұрлағандардың бәрін түрмеге отырғызса, ұрланған ақшаны қайтарса, халықтың жағдайын жасаса, бүкіл заңды халықтың мүддесін қорғайтындай етіп жасаса, сол күні Тоқаевты қолдайтын едім. Назарбаевты түрмеге отырғызып қойсыншы, сол күні қолдаймын", - дейді ол.

Фото: Pavel Pavlov / Anadolu Agency via Getty Images.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Политолог Марат Шибутов: «Боюсь, со СМИ уже у нас покончено»
Или что скрывается под прессом уголовных преследований на журналистов
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Как построить демократию без хаоса
Гражданское общество, партийное строительство, национальный Курултай
Повышение Балаевой: гуманитарный блок получает расширенные функции
Назначение министра культуры и информации вице-премьером вписывается в обновлённую архитектуру внутренней политики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером