Ахмет БІРІМЖАНОВ- АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ

6796 просмотров
0
Жұмат ӘНЕСҰЛЫ
Суббота, 17 Окт 2020, 14:00

I-II-Думаның депутаты, Алаш қайраткері Ахмет Бірімжановтың туғанына 150 жыл

1905-жылы бүкіл Ресейді қамтыған Орыс революциясы мен император Николай II-нің 1905-жылдың тамызында қол қойған Манифестіндегі 1-ші тарауындағы «Сөз, жеке тұлғаның бостандығы, жиындар мен қоғамдық ұйымдардың бостандығы» туралы тарауы Қазақ даласына үлкен өзгерістер әкелді. ХХ- ғасырдың басында-ақ, ел қамын жеп отаршыларға қарсы саяси көзқарасы қалыптаса бастаған Қазақ зиялылары енді елдің басын қосып, империяның озбырлығына бірігіп күресуді бастаған еді. Ә.БӨКЕЙХАНОВ, А.БАЙТҰРСЫНОВ. М.ДУЛАТОВ, Ж.АҚБАЕВ ұйымдастырып, мыңдаған қазақ аймақтарының өкілдері қол қойып, патшаның атына, премьер- министр СТОЛЫПИННІҢ атына, Ішкі істер министрінің атына жазылған жолданған ПЕТИЦИЯ осы Алаш қозғалысының бастауы болатын.Ол петицияларда атап көрсетілген он төрт бап патша Манифестінде жазылған заңдық баптарға сәйкес, қазақ халқының сол кездегі билікке жеткізілмей жүрген мұң мүддесі еді.

Читайте также
Арман болған автономия

Осы тарихи кезең туралы өткен жылдың аяғында бірнеше сайттарда жарияланған «Алаш туын көтергендер» атты зерттеу мақаламда жазған болатынмын. Оны қайталағанның жөні болмас. Дегенмен, Алаш қозғалысын осы жылдары бастаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,М.Дулатов, Ж.Ақбаев, М.ТЫНЫШПАЕВ, Х.ДОСМҰХАМЕДОВ, Ж.ДОСМҰХАМЕДОВ тәрізді тұлғалармен бірге, ағайындылар Ахмет, Ғазымбек БІРІМЖАНОВТАРДА осы Алаш қозғалысының ортасында жүрді.

Орынбор гимназиясын күміс медальмен, Қазан университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген Ахмет Бірімжанов  1906-жылғa дейін Торғай облысында бас судья, Орынбор, Том қалаларында да сот саласында қызмет етіп жүрді. Бұл кезде Ахмет Бірімжанов халықшылдығымен ел құрметіне ие болып үлгерген заңгер еді. Сондықтан ол  1906-1907-жылдардағы Ресейдің және  I-II-ші Думасына Торғай облысы атынан депутат болып сайланды. Екі Думаның да ғұмыры қысқа болғанмен депутат Ахмет Бірімжанов Думадағы мұсылмандар фракциясының белсенді мүшесі болып, Ресейдің  отар елдерде жүргізіп отырған озбыр аграрлық саясатын шектеу, қазақ жеріндегі әскери дала соттарын жоюды, қоныстанушыларды шектеуді, оларға жер бөлу жөнінде іс әрекет тек Дума қабылған заңдар бойынша жүзеге асуы талап етті.

Орталық Азияда жер бөлу істері туралы кейбір заңдарды Думада қабылдауға ықпал еткен Мұсылмандар фракциясының белді мүшелері ішінде Б.ҚАРАТАЕВ (Орал облысынан), Б.ҚҰЛМАНОВ (Батыстан), М.Тынышпаев, (Жетісу облысынан) тәрізді депутаттар болды.
I-ші және II-ші Дума мүшелерінің қатарында эсер, меньшевиктердің, социалистік халық партиясының да өкілдері болды. Осы партиялар мен Дума депутаты Ахмет Бірімжанов пен мұсылмандар фракциясы ұсынған заңдардың көбісі премьер-министр Столыпинге жақпады. Өйткені, жоғарыда аты аталған партиялардың талабы бойынша ішкі әлеуметтік жағдайды көтеруге империяның экономикалық мүмкіндігі де жоқ еді. Сондай ақ, Орта Азияда отаршылдық бағыттағы саясатын кері өзгертуге патшалық Ресейдің ойы да болмаған тын.

Яғни, бұл кезеңде Ресейдің көптеген шаруалары, қара шекпенділері Орта Азияға, оның ішінде Қазақ жерінің ең шұрайлы жерлеріне жаппай орналастырыла бастаған кез еді. 1906-1907-жылдардағы екі бірдей Думаның қызмет мерзімінің өте қысқа болуы Орыс социалистік партиясының және мұсылмандар фракциясының ұсынған заңдары премьер министр Столыпинге жақпай қалуынан болды. Сосын патша Николай II- өз жарлығымен Думаның қызметін тоқтатты.

Ал, қазақ елінің мәселелерін Думада көтерген депутат Ахмет Бірімжановқа  келесі Думаға өзінің кандидатурасын ұсынуға және еліне қайтуға тыйым салынып, оған тек Ресейдің Бұзылық қаласында қызмет етуге рұқсат берді.

Читайте также
Война – мировая, освобождение – тюркское

Ал,  III-ші Думаға Орта Азия өкілдеріне депутат болуға шек қойылды.  Осы III-ші Дума ең ұзақ «өмір сүрген» Дума болды.  III-ші Думада қазақ депутаттарының болмауы Алаш қайраткерлерін алаңдатты. Сосын келесі  IV-ші Думаға  қазақ Орынбордан депутат өткізу мақсатымен Ахмет Байтұрсынов 1912-жылы «Қазақ, һәм, Дума» атты мақаласын жазған. А.Байтұрсынов одан бұрын да «Айқап» журналы арқылы Түркістан жұртынан, башқұрт, ноғай, татар жұрттарынан IV-ші Думаға қазақтан депутаттыққа бір өкіл өткізуге көмек сұраған екен. Ахаңды Түркістан, ноғай, татар жұртының өкілдері қолдап, қол ұштарын беруге келіскенімен Ресей билігі IV-ші Думаға да қазақ депутаттарын өткізбей қойған. Сөйтіп жүргенде, Бірінші дүниежүзілік соғыс басталып, Ресей ішінде аласапыран оқиғалар болып жатты.

1917-жылы патша Николай II-тағынын күштеп түсіріліп, оның орнына кадет партиясының белді мүшесі Керенский бастаған Уақытша үкімет келді.

Бұл кезде белгілі заңгер болып атағы шыққан Ахмет Бірімжанов Орынборға көшіп келді. Сол  күннен бастап Алаш қозғалысына белсене араласты.  Орынбордағы 1917-жылы сәуір айынан басталған Жалпықазақтық бірнеше сиезге қатысты. Күзде өткен сиезде Уақытша үкіметтің Торғай уезіндегі комиссары, одан кейін Қостанай уезіндегі комиссары қызметтерін атқарды. Алаш партиясының және үкіметінің сайланбалы мүшесі болды.  1919-жылы Кеңес өкіметі Алаш орда қайраткерлеріне  ресми кешірім жасалғаннан кейін, Ахмет Бірімжанов Қазақ автономиясы Жоғарғы сотының мүшесі, одан кейін де Жоғарғы сот саласында жауапты қызметтер атқарды. Қызылорда республиканың астанасы болғанда қазақтың зиялы тұлғалары А.Байтұрсыновпен, Ә.Бөкейхановпен, М.Дулатовпен, олардың отбасымен араласып, сыйласып тұрған. Ахмет Бірімжанов 55 жасында қауіпті кеселге ұшырап, содан Ленинградта, (қазіргі Петербургте) 1928-жылы қайтыс болып, сонда жерленген. Соңғы сапарға Ә.Бөкейханов, М.Әуезов, Ә.Марғұлан шығарып салыпты.

Ахмет Бірімжановтың жастық шағына қысқаша шолу

Ахмет Бірімжанов Қазан университетінің заң факультетінде В.Ульяновпен (Ленин) бірге оқыған. Бірақ кіші Ульянов соңғы курста ағасының террористік ұйымға қатысып, сотталғаны себепті,  университеттен шығарғандықтан, ол дипломды экстерн экзамен тапсырып алған. Ал, Ахмет Бірімжанов Қазан университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. А.Бірімжанов гимназияда оқып жүрген кезінде ақ Орынбор жандармериясының бақылау тізіміне енген. Оның екі себебі бар еді А.Бірімжанов гимназияда оқып жүргенде халықшыл сөздер айтып, орыс отаршыларының қазақтардың жері тартып алып жатқан әрекеттеріне наразылық пікірлерін айтқан. Бұл біріншіден, екіншіден, А.Бірімжанов атақты тархан Шақшақ Жәнібек батырдың ұрпағы еді.  Шақшақ Жәнібек батыр Тархан атағын Ахметтің атасы Дәуітбайға мұра етіп қалдырған. Дәуітбайдан Мұса, Мұсадан Шеген, Шегеннен Бірімжан, Бірімжаннан Қорғанбек, Қорғанбектен Ахмет, Ғазымбек және т.б. А (Ахмет Бірімжанов 1870-жылы Қорғанбектің отбасында дүниеге келген). 1868-жылы Tорғай уезі құрылғаннан бері Шегеннен бастап, оның ұрпақтары Дәуренбек, Жақып, Қорғанбек Ресей патшалығы құлағанға дейін Тосын болысын басқарды. Солай десек те, ел арасында өте беделді Шеген ұрпақтарының  бәрін уездік жандармерия үнемі бақылауда ұстап, айтқан сөздерін, істеген істерін тіркеп отырған. Ахмет Бірімжановтың да жандармерия бақылуында болуының да осындай себептері бар еді.

Читайте также
КИТАЙСКИЙ АЛАШ

Ғазымбек Бірімжанов - алаш қозғалысының қайраткері

1917-жылы сәуір айында Орынбор қаласындағы Жалпыхалықтық қазақ сиезіне қатысқанда Ғазымбек бар болғаны 21 жаста еді. Бұл кезде Ғазымбек Бірімжанов Орынбор гимназиясын үздік  бітірген, башқұрша, орысша  тілдерді меңгерген жан жақты ұлтшыл жас еді. Оған бірден бір себеп, Ғазымбек бала кезінен ағасы Ахметтің қолында, тәрбиесінде болып, Бұзылық, Орынбор қаласында оқуы.

Мамыр айында Орынбордағы Жалпыхалықтық сиезде Алаш партиясы мен Алаш орданың белсенді мүшесі болды. Сол жиында башқұрт тобының атынан сөз сөйлеген. Алаш автономиясын құру жөніндегі идеяның жақтаушысы ретінде, Әлихан Бөкейхановтың жағында болған. Алаш орда үкіметінің әскерін құруға біраз үлесін қосқан.  Ол қазақтардың мықты әскерін құруды армандайды.  Ғ.Бірімжанов осы мәселемен нақты айналысқан М.Дулатовпен көп кеңескен.  Олар Алаш орда әскерін құру үшін қазақ жастарын әскер тәртібіне, мылтық ату машығына үйретуді уақыт ұттырмай, тез арада қолға алу керектігін түсінген. Сол жылы олар Алаштың қолына түскен қаржыға винтовкалар, оқ дәрілер алып, кейбір орыс әскерилерін жалдап, жастарды әскери тәртіпке үйрете бастаған.

Алаш орда басшылары  тек винтовкамен, оқ дәрімен қазақ әскері дәрменсіз болатынын түсініп, Колчактан зеңбіректер, пулеметтер, винтовкаларды көптеп беруді сұрау үшін, елшілікке орысша, қазақша шешен сөйлейтін Ғазымбек Бірімжановты елші етіп, келіссөзге жібереді. Бірақ, Сібірді «ақтар» деп аталып кеткен Сібір әскерін басқарып тұрған КОЛЧАК монархист еді, ол ескі монархияны қайта орнатуды көздеп жүрген адам еді. Бұрынғы бұратана елдердің «автономия» болуына мүлде қарсы пікірдегі әскери тін. Алаш орда атынан келіссөзге келген Ғазымбек Ресейде Уақытша үкімет пен большевиктер мен арасында үлкен шайқастар жүріп жатқанын айтып, Алаш орда әскеріне мол қару жарақ бөліп, әскери мамандар беруді сұраған. Бірақ Алаш орда мен Колчак арасындағы келіссөз сәтсіз аяқталған. Өйткені, Колчак сол жерде Азия елдерінің Ресейден бөлшектенуіне мүлде қарсы екенін айтып, әскери қару жарақтар беруден мүлде бас тартқан. Бұл 1918- жыл еді. Бұл көптеген саяси күштердің арпалысып, жан берісіп, жан алысып тұрған заманы еді.  Қазақ жеріне біресе Колчак әскері көктеп кіріп, біресе большевиктeр жеңіп, құбылып тұрған жылдар еді.

Читайте также
КАК КАЗАХИ ДОШЛИ ДО АТАТЮРКА

Ал, арада бір жарым жыл өткеннен кейін, 1919-жылы Кеңес әскері  Колчактың әскерін біржола Қытайға ысырып, барлық жерде өз өкіметін орнатты.  1920-жылы Қазақ автономиясы құрылды. Осы кездері сөзге шешен, ділмар, публицист Ғазымбек Бірімжанов «Ақ жол» газетінің редакторы қызметін атқарған. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың елу жылдық мерей тойы Тәшкенде аталып өткенде, Ахаңның халқына сіңірген еңбектері турлы мақала осы «Ақ жол» газетінде жарияланып, кейін ол мақала талай зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде көрсетілді.1922-жылы Тәшкен инститын бітіріп, дәрігер мамандығын алған Ғазымбек Бірімжановты Үкімет басында жүрген Тұрар РЫСҚҰЛОВ Берлиннің мал шаруашылығы университетіне оқуға жібереді. Ғ.Бірімжанов оны 1928-жылы өте жақсы аяқтап, «мал дәрігері» мамандығын алып келе жатқан жолда, Мәскеуде тұтқындыйды. Оны сол жерде соттап, Карелияға лагерьге айдап жіберген. Ғазымбек Бірімжанов сол айдауда жүріп, «Ақ теңіз Балтық» каналын қазуға қатысқан. Бірер жылдан соң. Яғни, 1937-жылы тағы түрмеге қамалып, үштіктің сотымен Алаш қайраткері ретінде ату жазасына кесілген. «Кеңес ұкіметіне қарсы күрес(Тәшкенде тұсірілген суретті,) Колчакпен байланыс жасаған, контрреволюционер» деген айыптар таққан.Үкім 1938-жылы орындалған.

Бірінші суретте  Думаның депутаты Ахмет Бірімжанов Дума депутаттарымен тұрған сәті (сол жақтан бірінші)

журналист
Чистят дороги только те акимы, что боятся, что их снимут или не перевыберут: короче, дороги чистят только трусы
Нельзя заменить экономические реформы блогерами-штрейкбрехерами
Борьба с забастовками превращается в кампанию по дискредитации забастовщиков
Какимжанов "лёг" на реабилитацию
У кредиторов был месяц для предъявления претензий перед началом судебного разбирательства
Почему министр Карабаев солгал в стенах парламента
Чиновники ведут странную игру, стараясь скрыть истинную причину гибели пассажиров и пилотов самолета Fokker-100 авиакомпании "Бек Эйр" под предлогом перерасследования
В Польше после перестрелки с полицией задержан 24-летний казахстанец
В польском городе Краков после полицейской погони задержаны казахстанец и украинец, подозреваемые в нелегальном владении оружием
Проекция "Узкого коридора" на бывшие советские республики
Общественно-политическое и экономическое развитие этих стран сдерживает слабое и дезорганизованное общество
"Ответ Гуриеву" от американцев
Вышедшее социсследование стало очередным свидетельством, что у Трампа почти неограниченный карт-бланш от электората
"Понравилась сатана лучше ясна сокола": как Тарас Шевченко стал моряком в степях Казахстана
Занимательная история Казахстана от Андрея Михайлова
Алма-Ата и Алматы. Остановись, мгновение!
Изучаем историю по старым архивным фотографиям
Наследник владельца алматинского ТЦ на Розыбакиева откопал из могилы отца
Сын не смог поделить с сестрой имущество и решил по ребру умершего признать ее неродной. Последуют ли его примеру наследники Болата Назарбаева?
Реклама как способ узнать о том, как жили наши прабабушки
По объявлениям в старых газетах и журналах можно составить представление о том, какой была жизнь век-полтора назад
Судьи запутались в законе
Из-за этого у жертвы пирамиды отняли его машину
В ВКО нормы закона о языках не соблюдают не только предприниматели, но и чиновники
Итоги рейдов по соответствию языка исполнения визуальной информации подвели в регионе
Гендиректор Qarmet Вадим Басин против ОПГ
В компании заявили, что ликвидируют криминальные структуры, которые расцвели при работе бывшего владельца "АрселорМиттал Темиртау"
Виновные в смерти детей от отравления в СКО за полгода так и не установлены
Об этом мать детей написала в обращении в Генпрокуратуру
Прямо в прокуратуре Талдыкоргана подследственный пытался совершить суицид
В прокуратуре говорят, “ничего страшного не произошло”, у задержанного пострадала одна рука
Стреляли или расстреливали – подробности смерти археолога Ерлана Жагипарова во время Кантара
Судмедэксперт дала показания в суде
Мужчина, заподозрив жену в неверности, попытался "сбыть" её сопернику
Во время церемонии передачи "жены-невесты" уклоняющийся любовник был убит
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.