Заңды тұлғаның банк шотынан қолма-қол ақшаны алуына қатысты талаптар өзгерді

2005 просмотров
0
Ратель
Вторник, 21 Апр 2020, 18:50

Шағын бизнес үшін – күнтізбелік айда 20 млн теңге, орта бизнес үшін – 120 млн теңге, ірі бизнес үшін - 150 млн теңге

Қазақстан Ұлттық банкі заңды тұлғалар үшін банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талаптарды өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық банкі Басқармасының шешімімен бүгін бекітілген "Қолма-қол ақшаға айналдыруға рұқсат берілген соманың шекті мөлшерін белгілеу туралы қағидалар" 2020 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді.

Читайте также
42 500: Еңбек министрлігі жиі қойылатын сауалдарға жауап берді

Қағидалар: жеке тұлғаларға; жеке кәсіпкерлерге; микрокәсіпкерлік субъектілеріне; ауылшаруашылық азық-түлік өнімін, балық өсіру өнімін сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға; тамақ өнімдерін, сусындарды, фармацевтикалық, медициналық және ортопедия тауарларын бөлшек саудасымен айналысатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.

"Ұлттық банк заңды тұлғалардың банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуы үшін мына шекті соманы белгілейді: шағын бизнес үшін – күнтізбелік айда 20 млн теңге; орта бизнес үшін – күнтізбелік айда 120 млн теңге; ірі бизнес үшін – күнтізбелік айда 150 млн теңге.

Заңды тұлғалар екінші деңгейдегі банктерге тиісті негіздемені ұсынған кезде белгіленген лимиттен артық алуға рұқсат беріледі. Өз кезегінде, екінші деңгейдегі банктер соманы ұлғайтуға арналған өтінімді ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен 3 жұмыс күні ішінде келіседі", - делінген хабарламада.

Фото: Ⓒ Ratel.kz / Сергей Перхальский.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В Министерстве финансов ответили на вопросы бизнеса о новом Налоговом кодексе