![](https://imagesratel.kz/cdn/innermain/i/2020/March/15/67be6789803fd56dc604b633b6ccfefb8373f3e1.jpg)
Бүгін Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді
Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың жариялануына байланысты азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын тоқтата ма? Бұл сұраққа Сауда және интеграция министрлігі жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Республикада төтенше жағдай жарияланса да, азық-түлік маркеттері мен базарлар жұмысын жалғастыра береді" деп хабарлады министрліктен.
Айта кетсек бүгін Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы Жарлыққа ҚР президенті қол қойды.
Жарлыққа сәйкес ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы тоқтатылып, Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда ел аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленді.