![](https://imagesratel.kz/cdn/innermain/i/2020/February/16/65172525072e34152116df2a4df158b05e3fd5e8.jpg)
Президент Мюнхенде жұмыс сапарымен жүргенде Қазақстанның интернет желісіндегі ақау жайында хабардар болды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы интернет желісінің жұмысын қалпына келтіруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде (Германия) жұмыс сапарымен жүргенде Қазақстанның интернет желісіндегі ақау жайында хабардар болды. Мемлекет басшысы барлық ақпараттық ресурстардың жұмысын қалпына келтіруді тапсырды", - деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebooк-те.