
Қазіргі кезде "қызыл" аймақ санатындағы қауіпті деңгейде Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы және алты аймақ тұр
Жамбыл облысы эпидемиологиялық ахуал бойынша "сары" аймақ тізіміне енгізілді. Осы кезге дейін аталған өңір "жасыл" аймақ санатында болған, деп хабарлайды Sputnik.
Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдай:
- "Қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облысы;
- "Сары" аймақта – Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облысы;
- "Жасыл" аймақта – Шығыс Қазақстан мен Қостанай және Түркістан облысы.
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин.